Samsung SM-R965FZKAEUA Galaxy Watch6 Classic Lte 47mm

User Manual - Page 275

For SM-R965FZKAEUA.

PDF File Manual, 592 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Қазақ тілі
274
Жеке деректерді қорғаңыз және құпия ақпараттың ағып кетуін немесе дұрыс емес
пайдаланылуын болдырмаңыз
Құрылғыны пайдаланғанда, маңызды деректердің сақтық көшірмесін жасап қойыңыз. Samsung
компаниясы кез келген дерек жоғалуы үшін жауапты болмайды.
Құрылғыңызды қалдық ретінде тастағанда, барлық деректердің сақтық көшірмесін жасап,
жеке деректеріңізді басқа пайдалануға жол бермеу үшін құрылғыңыздың зауыттық мәндерін
қалпына келтіріңіз.
Бағдарламаларды жүктеп алғанда, рұқсаттар экранын мұқият оқыңыз. Көптеген функцияларды
немесе жеке ақпаратыңыздың көп бөлігін пайдалану мүмкіндігін беретін бағдарламалармен
аса мұқият болыңыз.
Мақұлданбаған немесе тыйым салынған қолдану түрлері туралы хабарламаларды есептік
жазбаңыздан оқыңыз. Жеке ақпаратыңыздың дұрыс қолданылмағанын байқасаңыз, қызмет
жеткізушісіне хабарласып, есептік жазба ақпаратын жойыңыз немесе өзгертіңіз.
Құрылғы жоғалса немесе ұрланса, жеке ақпаратыңызды қорғау үшін есептік жазбалардың
құпия сөздерін ауыстырыңыз.
Танымайтын көздердің бағдарламаларын пайдаланбаңыз, құрылғыны өрнекпен, құпия сөзбен
немесе PIN кодымен құлыптаңыз.
Авторлық құқықпен қорғалған материалды таратпаңыз
Авторлық құқықпен қорғалған материалдарды мазмұн иесінің рұқсатынсыз таратпаңыз. Мұны
сақтамаудан авторлық құқық туралы заңдар бұзылуы мүмкін. Өндіруші авторлық құқықпен
қорғалған материалды пайдаланушының заңсыз пайдалануынан туындаған құқықтық
мәселелерге жауапты емес.
Зиянда бағдарламалар және вирустар
Құрылғыны зиянды бағдарламалардан және вирустардан қорғау үшін мына пайдалану туралы
кеңестерді орындаңыз. Бұлай істемеу деректердің бүлінуіне немесе жоғалуына әкелуі, бұл
кепілдік қызметімен қамтылмаған болуы мүмкін
Белгісіз қолданбаларды жүктемеңіз.
Сенімді емес веб-сайттарға кірмеңіз.
Күдікті хабарларды немесе белгісіз жіберушілерден келген электрондық хабарларды жойыңыз.
Құпия сөзді орнатыңыз және оны жиі өзгертіп отырыңыз.
Пайдаланбаған кезде Bluetooth сияқты сымсыз мүмкіндіктерді өшіріңіз.
Егер құрылғы әдеттен тыс әрекет етсе, антивирустық қолданбаны іске қосып, вирус жұққан-
жұқпағанын тексеріңіз.
Жаңадан жүктеп алынған қолданбалар мен файлдарды ашу алдында құрылғыдағы
антивирустық қолданбаны іске қосыңыз.
Компьютерде антивирустық қолданбаларды орнатыңыз және вирус жұққан-жұқпағанын
тексеру үшін оларды жиі іске қосыңыз.
Тізбе параметрлерін өңдемеңіз немесе құрылғының амалдық жүйесін өзгертпеңіз.
Loading ...
Loading ...
Loading ...