Samsung SM-R965FZKAEUA Galaxy Watch6 Classic Lte 47mm

User Manual - Page 268

For SM-R965FZKAEUA.

PDF File Manual, 592 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Қазақ тілі
267
Құрылғыңызды қыздырғыштардың, қысқа толқынды пештердің, ысытып пісіретін жабдықтың
немесе жоғары қысымды контейнерлердің жанында не ішінде сақтамаңыз
Батарея ағып кетуі мүмкін.
Құрылғыңыз қатты қызып кетіп, өрт шығаруы мүмкін.
Құрылғыңызды шаң немесе ауадағы заттардың көп жиналатын жерлерде пайдаланбаңыз
немесе сақтамаңыз
Шаң немесе бөгде заттар құрылғыңыздың дұрыс жұмыс істемеуіне және өртке немесе электр
тоғының соғуына себеп болады.
Көп мақсатты ұя мен зарядтағыштың шағын ұшын сұйық заттар, шаң, металл ұнтағы және
қарындаш графиті сияқты өткізгіш заттарға тигізбеңіз. Көп мақсатты ұяны үшкір құралдармен
түртпеңіз немесе көп мақсатты ұяға әсер келтірмеңіз
Өткізгіш материалдар жарылысқа немесе өртке әкеп соқтыратын қысқаша тұйықталуға немесе
шіруге себеп болуы мүмкін.
Сымсыз зарядтағышты қолданған кезде металл нысандар, магниттер және магнит жолағы бар
карталар сияқты бөгде заттарды зарядталатын құрылғы мен сымсыз зарядтағыштың арасына
салмаған жөн
Құрылғы тиісті түрде зарядталмауы немесе қызып кетуі мүмкін.
Құрылғыны немесе батареяны тістемеңіз немесе сормаңыз
Бұлай істеу құрылғыны зақымдауы я болмаса жарылыс немесе өрт туындатуы мүмкін.
Балалар немесе жануарлар шағын бөліктерден шашалуы мүмкін.
Егер балалар құрылғыны пайдаланса, құрылғыны дұрыс пайдаланып отырғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны немесе онымен бірге берілген қосалқы құралдарды көзге, құлаққа немесе ауызға
салмаңыз
Тұншығып немесе ауыр жарақат алып қалуыңыз мүмкін.
Зақымдалған немесе ағып кеткен литий ион (Li-Ion) батареяны қолданбаңыз
Литий ионды батареяны қауіпсіз етіп тастау үшін жақын жердегі өкілетті қызмет көрсету
орталығымен хабарласыңыз.
Loading ...
Loading ...
Loading ...