Samsung SM-R965FZKAEUA Galaxy Watch6 Classic Lte 47mm

User Manual - Page 267

For SM-R965FZKAEUA.

PDF File Manual, 592 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Қазақ тілі
266
Зарядтағыштың оң және теріс түйіспелерін тікелей бірге жалғамаңыз
Бұл өртке немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
Найзағай кезінде құрылғыңызды сыртта пайдаланбаңыз
Бұлай істеу ток соғуына немесе құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
Өнім жасаушысы мақұлдаған зарядтағыштарды, қосымша құралдарды және жабдықтарды
пайдаланыңыз
Әмбебап зарядтағышты қолдану құрылғының қызмет ету уақытын кемітуі немесе құрылғының
дұрыс жұмыс істемеуіне себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл өрт тудыруы немесе батареяның
жарылуына әкелуі мүмкін.
Тек өз құрылғыңызға арналған және Samsung мақұлдаған батарея, зарядтағышты және
кабельдерді ғана пайдаланыңыз. Сәйкес емес батарея, зарядтағыш және кабель едәуір
жарақаттануға немесе құрылғыны зақымдауға себеп болуы мүмкін.
Samsung корпорациясы Samsung бекітпеген аксессуарларды не керек-жарақтарды
пайдаланған кезде пайдаланушының қауіпсіздігіне жауапты емес.
Құрылғыңызды артқы қалталарда немесе беліңізде ұстамаңыз
Тым көп қысым қолданылса, құрылғы зақымдалуы, жарылуы немесе өртке әкелуі мүмкін.
Ұрылсаңыз немесе құласаңыз, жарақат алуыңыз мүмкін.
Құрылғыны артық түсіріп немесе соғып алмаңыз
Бұл құрылғыға немесе батареяға зақым келтіріп, құрылғы ақаулығына немесе қызмет
мерзімінің қысқаруына себеп болады.
Сонымен қатар, бұл қызып кетуге, жарылысқа, өртке немесе басқа қауіптерге себеп болуы
мүмкін.
Құрылғы мен зарядтағышты абайлап пайдаланыңыз және тастаңыз
Батареяны немесе құрылғыны ешқашан отқа тастамаңыз. Батареяны немесе құрылғыны
қысқа толқынды пеш, кәдімгі пештер немесе радиаторлар сияқты қыздыру құрылғыларының
үстінде не ішінде ұстамаңыз. Құрылғы шамадан ысығанда жарылып кетуі мүмкін. Қолданылған
батареяны не құрылғыны қоқысқа тастағанда, барлық жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
Құрылғыны ешқашан сындырып не тесіп алмаңыз.
Құрылғыны жоғарғы сыртқы қысымға ұшыратпаңыз, ол ішкі қысқа тұйықталуға және шамадан
тыс қызуға себеп болуы мүмкін.
Құрылғыны, батареяны және зарядтағышты зақымдаудан қорғаңыз
Құрылғы мен батареяны өте суық немесе ыстық температураларға шығармаңыз.
Шамадан тыс температура құрылғыны зақымдап, зарядтау мүмкіндігінің және құрылғы мен
батареяның жұмыс істеу мерзімін азайтуы мүмкін.
Ешқашан зақымдалған адаптерді немесе батареяны пайдаланбаңыз.
Қабықшасы қабаттанған немесе зақымдалған кабельді, сондай-ақ зақымданған немесе істен
шыққан зарядтағышты немесе батареяны қолданбаңыз.
Батарея бөлімі ашық болса, құрылғыны қоспаңыз немесе пайдаланбаңыз.
Loading ...
Loading ...
Loading ...