Samsung SM-R965FZKAEUA Galaxy Watch6 Classic Lte 47mm

User Manual - Page 273

For SM-R965FZKAEUA.

PDF File Manual, 592 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Қазақ тілі
272
Құрылғыны кию кезінде абай болыңыз
Өлшем дәл болуы үшін, құрылғыны білегіңізге шақ келетіндей тағу керек. Өлшеп болғаннан
кейін, теріңіз демалуы үшін, таспаны босатыңыз. Құрылғыны тым бос немесе тым тар
болатындай тақпаған жөн, қалыпты жағдайларда ыңғайлы болатындай тағу ұсынылады.
Құрылғыны ұзақ уақыт тақсаңыз немесе қарқындылығы жоғары жаттығу жасасаңыз, қажау,
қысым немесе ылғал сияқты белгілі бір факторларға байланысты тері тітіркенуі мүмкін.
Құрылғыны ұзақ уақыт тағып жүрсеңіз, теріңіз сау болуы және білегіңіз демалуы үшін, оны
білегіңізден белгілі бір уақытқа шешіп қойыңыз.
Егер құрылғы тым қатты тартылса, тері тітіркенуі орын алуы мүмкін, ал тым баяу босатсаңыз,
керіліс орын алуы мүмкін.
Тері тітіркенуін болдырмау үшін, құрылғыны құрғақ әрі таза ұстаңыз.
Құрылғы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес, бірақ тері сезімтал немесе
материалдарға аллергияңыз болған жағдайда қажетті сақтық шараларын орындаңыз.
Боямаңыз немесе құрылғыңызға жапсырмалар жабыстырыңыз
Бояу және жапсырмалар қозғалатын бөліктеріне кедергі келтіріп, дұрыс жұмыс істеуіне жол
бермеуі мүмкін.
Құрылғының бояуына немесе бөлшектеріне аллергияңыз болса, тері қышуы, қышыма пайда
болуы немесе ісуі мүмкін. Мұндай жағдайда құрылғыны пайдалануды тоқтатып, дәрігерден
кеңес алу керек.
Ұялы құрылғыларды және жабдықты сақтықпен орнатыңыз
Көлігіңізге орнатылған ұялы құрылғыларыңыздың немесе оларға қатысты жабдықтардың берік
бекітілгендігіне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны немесе көмекші құралдарды ауа жастық шығатын аймақтарға орналастырмаңыз.
Ауа жастықтары дереу шыққан кезде, дұрыс орнатылмаған сымсыз құрылғы денеңізді едәуір
жарақаттауы мүмкін.
Құрылғыңызды түсіріп алмаңыз немесе құрылғыңызға соққы тигізбеңіз
Құрылғы зақымдалуы немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Егер майысса не пішіні өзгерсе, құрылғыңыз зақымдалуы не бөлшектері істемей қалуы мүмкін.
Батареяның және зарядтағыштың ең жоғарғы жарамдылығына көз жеткізіңіз
Кейде пайдаланылмаған құрылғы заряды таусылса, оны пайдалану алдында зарядтау керек.
Зарядтағыш қолданылмаған кезде, оны қуат көздерінен ажыратыңыз.
Батареяны тек арнайы мақсаттарында пайдаланыңыз.
Құрылғының және батареяның ең ұзақ қызмет көрсету мерзімін қамтамасыз ету үшін осы
нұсқаулықтағы бүкіл нұсқауларды орындаңыз. Ескертулер мен нұсқауларды орындамау
тудырған зақымдар немесе нашар өнімділік өндіруші кепілдігінің күшін жоюы мүмкін.
Құрылғы уақыт өте келе тозады. Кейбір бөлшектер және жөндеу жарамдылық кезеңінде
кепілдікпен қамтылады, бірақ бекітілмеген қосалқы құралдарды пайдалану тудырған зақымдар
немесе нашарлау қамтылмайды.
Loading ...
Loading ...
Loading ...