User Manual - Page 186

For EC9355BM. Also, The document are for others Delonghi models: EC935X

Loading ...
Loading ...
Loading ...
186
4. Жаңа параметрлерді ON/Standby
түймесін (B1) басу арқылы сақтаңыз
8. ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАЗАЛАУ
Маңызды!
Кофе құрылғысын тазалау үшін
еріткіштерді, қырғыш заттарды немесе
спиртті пайдаланбаңыз.
Қоқымдарды және кофе қалдықтарын
кетіру үшін металдан жасалған заттарды
пайдаланбаңыз, себебі олар құрылғының
металл немесе пластмасса бөліктерін
сырып тастауы мүмкін.
Құрылғы бір аптадан астам уақыт бойы
пайдаланылмайтын болса, кез келген
сусынды дайындамас бұрын шаю циклін
орындаған жөн болады.
Қауіпті!
Тазалау кезінде кофе жасағышты ешқашан
суға батырмаңыз, себебі ол электрлік
құрылғы.
Құрылғының сыртынан тазалау
жұмыстарын бастамас бұрын, оны өшіріп,
розеткадан суырып, суығанша күтіңіз.
8.1 Кофе шүмегін тазалау
шамы жанған кезде (қызғылт-сары)
(B13), бұл кофе жолдарын тазалау қажет
деген сөз. Ол үшін бөлек сатып алынуы тиіс,
кофе жасағыш машиналарға арналған арнайы
таблеткалар қажет. Қосымша ақпарат алу үшін
www.Delonghi.com сайтына кіріңіз.
1. 1 кесе кофе сүзгісін (C2) сүзгі ұстатқышқа
(C1) енгізіңіз (25-сурет).
2. Тазалау керек-жарағын сүзгіге (C8) (25-
сурет) орналастырып, үй түймесін басыңыз.
3. Тазалау таблеткасын қосалқы құралға (26-
сурет) салыңыз.
4. Сүзгі ұстағышты кофе шүмегіне (A18)
бекітіңіз.
5. Ыдысты (A14) сумен толтырыңыз. Тамшы
науасының (A10) бос екеніне көз жеткізіңіз.
6.
түймесін (B6)
(B13) шамы
жанғанша басып тұрыңыз. Бірнеше
минуттан соң, тазалау циклі автоматты
түрде тоқтайды.
7. Сүзгі ұстағышты және тазалау қосалқы
құралын шығарып алыңыз.
8. Сүзгі ұстағышты және сүзгіні ағын су
астында жуыңыз.
9. Сүзгі ұстағышты орнына бекітіп,
түймесін басу арқылы шаю циклін
орындаңыз: сүзгі ұстағыш астына бос
ыдыс қойған жөн.
10. Тамшы науасын алып, босатыңыз.
Есіңізде болсын:
Осы тазалау циклін
түймесін бірнеше
секунд басып тұру арқылы кез келген уақытта
орындауға болады. Бас тарту үшін түймені
кемінде 10 секунд басып тұрыңыз.
8.2 Дән ыдысының корпусын тазалау
1. Дән ыдысының (A2) бос екеніне көз
жеткізіңіз. Күдіктенсеңіз, көз жеткізу үшін
кофе тартқышқа аз ғана жұмыс істетіңіз.
Loading ...
Loading ...
Loading ...