User Manual - Page 385

For SCD720/86. Also, The document are for others Philips models: SCD720, SCD721, SCD723, SCD725

Loading ...
Loading ...
Loading ...
2 «Repeat ON» (Қайталауды қосу) немесе «Repeat OFF» (Қайталауды
өшіру) опциясын таңдап, растау үшін OK түймесін басыңыз. Таймерді
қайталау таңбасы дисплейде пайда болады.
3 «Repeat ON» (Қайталауды қосу) параметрі орнатылса, тамақтандыру
таймері ескертуді тоқтатқаннан кейін қайтадан кері санауды бастайды.
Тамақтандыру таймерінің ескертуін орнату
1 Ескертуді орнату үшін таймер ішкі мәзірінен «Timer Alert» (Таймер
ескертуі) опциясын таңдаңыз. Растау үшін OK түймесін басыңыз.
2 Ескерту опцияларының бірін таңдаңыз. Қолжетімді опциялар: тек дыбыс,
дыбыс пен діріл және тек діріл.
3 Ескертуді тоқтату үшін кез келген пернені басыңыз немесе ескерту
автоматты түрде 2 минуттан кейін тоқтайды.
4 Таймерді тоқтату үшін тамақтандыру таймері ішкі мәзірінде «Тоқтату
және қайта орнату» опциясын таңдап, растау үшін OK түймесін басыңыз.
Бөлме температурасы
16°C/61°F және 20°C/68°F аралығындағы температурада нәресте жақсы
ұйықтайды. Ең төменгі және ең жоғарғы температура ауқымын және бір
ескертуді орнатуға болады.
1 Температура ішкі мәзірін ашу үшін мәзірден «Temperature»
(Температура) тармағын таңдаңыз. Растау үшін OK түймесін басыңыз.
2 Температура ішкі мәзірінен «Температура ауқымы» тармағын таңдап,
растау үшін OK түймесін басыңыз.
3 + және - түймелерін пайдаланып 10°C/50°F and 19°C/66°F аралығындағы
ең төмен температура ауқымын және 22°C/72°F and 37°C/99°F
аралығындағы ең жоғарғы температура ауқымын орнатыңыз. Растау үшін
OK түймесін басыңыз.
4 Температура ішкі мәзірінен «Alert» (Ескерту) тармағын таңдаңыз. Растау
үшін OK түймесін басыңыз.
5 Ескерту опцияларының бірін таңдаңыз. Қолжетімді опциялар: тек дыбыс,
дыбыс және діріл, тек діріл және тек көрсету. Растау үшін OK түймесін
басыңыз. Дисплейде температураны ескерту таңбасы пайда болады.
6 Температура ішкі мәзірінен «Temp Scale» (Температура шкаласы)
тармағын таңдаңыз. Растау үшін OK түймесін басыңыз.
7 «Цельсий» немесе «Фаренгейт» шкаласын таңдап, растау үшін OK
түймесін басыңыз. Дисплейде орнатылған шкаладағы температура
көрсетіледі.
Температура орнатылған ауқымда болса, температура ескертуі
белгісінде екі бөлік болады.
Температура орнатылған ауқымнан төмен немесе жоғары болса,
дисплейдегі температура ескертуі таңбасында бір бөлік болады және ол
жыпылықтайды. Дисплейде «TOO COLD» (Тым салқын) немесе «TOO
HOT» (Тым ыстық) хабары пайда болады.
388
Қазақша
Loading ...
Loading ...
Loading ...