User Manual - Page 377

For SCD720/86. Also, The document are for others Philips models: SCD720, SCD721, SCD723, SCD725

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Нәресте мониторын пайдалану
Нәресте мониторын орнықтыру
Нәресте бөлігін нәрестенің қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Нәресте бөлігін нәрестенің төсегіне немесе манежінің ішіне
қоймаңыз.
-
Нәресте бөлігінің сымы буынып қалу қаупін тудыратындықтан нәресте
бөлігі мен сымын нәрестеден кемінде 1 метр/3,5 фут қашықтықта
ұстаңыз.
-
Бір немесе екі бөліктен де жағымсыз дауыс шығармас үшін, ата-ана
бөлігін нәресте бөлігінен кемінде 1 метр/3,5 фут қашықтықта ұстаңыз.
Ата-ана бөлігі мен нәресте бөлігін байланыстыру
1 Қуат қосулы шамы жанғанша, нәресте бөлігіндегі түймесін 2 секунд
басып тұрыңыз.
2 Дисплей жанғанша, ата-ана бөлігіндегі түймесін 2 секунд басып
тұрыңыз. Ата-ана бөлігіндегі «байланыс» шамы қызыл болып
жыпылықтайды да, дисплейде «I AM LINKING» (Байланыс орнатылуда)
хабары көрінеді.
Ата-ана бөлігі және нәресте бөлігі байланысқан кезде, «байланыс» шамы
тұрақты жасыл түспен жанады. Дисплейде сигнал күші индикаторы мен
«LINKED» (Байланысқан) хабары пайда болады.
Байланыс орнатылмаса, дисплейде «NOT LINKED» (Байланыспаған)
хабары көрсетіліп, ата-ана бөлігі қосылып дыбыс шығара бастайды.
Байланыс орнатылмаса, орындалатын әрекет
-
Ата-ана бөлігі жұмыс ауқымынан тыс болса, нәресте бөлігіне жақынырақ
орналастырыңыз, алайда 1 метр/3,5 футтан жақын болмауын
қадағалаңыз.
-
Нәресте немесе ата-ана бөлігін басқа DECT құрылғысына (мысалы,
сымсыз телефон) тым жақын, <2 м/6,5 фут алыс қойсаңыз, құрылғыны
өшіріңіз де, бөлікті құрылғыдан әрірек апарып қойыңыз.
-
Нәресте бөлігі ажыратылған болса, оны қосыңыз.
Жұмыс жасау аймағы
-
Сыртта жұмыс ауқымы 330 метр/1000 фут болса, үйдің ішінде 50
метр/150 фут болады.
-
Нәресте бақылаушысының жұмыс ауқымы кедергіге себеп болатын
орталарға және факторларға байланысты әр түрлі болады. Сулы немесе
дымқыл материалдар ауқымы 100% болған кезде кедергіге себеп
болады. Құрғақ материалдар кедергісі үшін төмендегі кестені көріңіз.
Құрғақ материалдар Материалдар қалыңдығы Байланысты жоғалту
Ағаш, гипс, картон, әйнек
(металы жоқ, сым немесе
қорғасын)
< 30 см (12 дюйм) 0-10%
Кірпіш, желімделген фанер < 30 см (12 дюйм) 5-35%
380
Қазақша
Loading ...
Loading ...
Loading ...