User Manual - Page 379

For SCD720/86. Also, The document are for others Philips models: SCD720, SCD721, SCD723, SCD725

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Ата-ана бөлігіне хабар жіберу
Ата-ана бөлігін жоғалтып алған жағдайда, нәресте бөлігіндегі FIND (Табу)
түймесін қолданып табуға болады. Бұл функция тек ата-ана бөлігі қосулы
және ауқымда болған кезде ғана жұмыс жасайды.
1 Нәресте бөлігіндегі FIND (Табу) түймесін басыңыз. Ата-ана бөлігі хабар
жіберудің дабыл дыбысын шығарады.
2 Хабар жіберудің дабыл дыбысын тоқтату үшін, нәресте бөлігіндегі FIND
(Табу) түймесін қайта басыңыз немесе ата-ана бөлігіндегі кез келген
түймені басыңыз. Хабар жіберудің дабыл дыбысы 2 минуттан соң
автоматты түрде тоқтайды.
Батарея күйінің шамы
1 Нәресте бөлігі батареямен іске қосылғанда және батареяда жеткілікті
заряд болғанда, батарея күйінің шамы тұрақты жасыл түсте болып
жанады.
2 Батарея қуаты арқылы жұмыс істеп тұрған нәресте бөлігінде заряд
төмендеген жағдайда, батарея күйінің шамы жылдам қызыл түсте
жыпылықтайды. Заряды азайғанда батареяларды ауыстырыңыз.
Ата-ана бөлігіндегі функциялар мен кері байланыс
Көлем
Мәзір белсенді болмаса, дыбыс деңгейін орнатуға болады. Жеті дыбыс
деңгейі және "дыбыс деңгейін өшіру" параметрі бар.
Дыбыс деңгейін орнату
1 + түймесін немесе - түймесін бір рет басыңыз.
Дисплейде ағымдағы дыбыс деңгейі көрсетіледі.
2 Дыбыс деңгейін көтеру үшін + түймесін, ал төмендету үшін - түймесін
басыңыз.
2 секундтан артық уақытта ешбір түйме басылмаса, дисплейден дыбыс
деңгейінің көрсеткіші жоғалып, дыбыс деңгейінің параметрі сақталады.
Дыбысты өшіру
Төменгі дыбыс деңгейі параметрінің астында "дыбысы сөндірілген"
параметрі бар.
1 + түймесін немесе - түймесін бір рет басыңыз.
Дисплейде ағымдағы дыбыс деңгейі көрсетіледі.
2 Дыбысты өшіру үшін 2 секундтан артық уақыт бойы - түймесін басып
тұрыңыз.
382
Қазақша
Loading ...
Loading ...
Loading ...