User Manual - Page 384

For SCD720/86. Also, The document are for others Philips models: SCD720, SCD721, SCD723, SCD725

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Бесік жыры
1 Нәресте бөлігінде бір немесе бірнеше бесік жырын ойнату үшін + және -
түймелерін пайдаланып мәзірден «Бесік жыры» режимін таңдаңыз.
Растау үшін OK түймесін басыңыз.
2 Алғашқы бесік жырын ойнату үшін OK түймесін қайта басыңыз. Бесік
жырының бірін не «Play all» (Барлығын ойнату) опциясын таңдау үшін +
және - түймелерін пайдаланыңыз.
Дисплейде бесік жыры таңбасы мен ойнатылып жатқан бесік жырының
нөмірі көрсетіледі. Мәзірден «stop» (тоқтату) параметрі таңдалғанға дейін
таңдалған бесік жыры 15 минут бойы үздіксіз ойнатылып тұрады.
«Play all» (Барлығын ойнату) опциясын таңдасаңыз, алдын ала сақталған
бесік жырлары 15 минут бойы ойнатылады. Дисплейде ойнатылып
жатқан бесік жырының нөмірі көрінеді.
3 Ойнатуды тоқтату үшін мәзірден «Тоқтату» тармағын таңдап, растау үшін
OK түймесін басыңыз.
Тамақтандыру таймері
Нәрестені тамақтандыру уақыты болғанын ескертетін тамақтандыру
таймерін орнатуға болады. Таймерді 1 минуттан 23 сағат 59 минутқа дейін
орнатуға болады.
1 Тамақтандыру таймерінің ішкі мәзірін ашу үшін, мәзірден «Feed Timer»
(Тамақтандыру таймері) опциясын таңдаңыз. Растау үшін OK түймесін
басыңыз.
2 Тамақтандыру таймері ішкі мәзірінде «Set Timer» (Таймерді орнату)
опциясын таңдаңыз. Таймер орнатуды бастау үшін OK түймесін басыңыз.
3 Сағат пен минутты орнатып, растау үшін OK түймесін басыңыз.
4 Тамақтандыру таймерін іске қосу үшін, тамақтандыру таймері ішкі
мәзірінде «xx:xx Start» (xx:xx бастау) опциясын таңдаңыз. Растау үшін OK
түймесін басыңыз. Дисплейде таймер белгісі көрінеді және таймер кері
санауды бастайды.
5 Таймер 00:00 мәніне жеткенде тамақтандыру таймерінің ескерту
параметрі өшеді де, дисплейде таймер белгішесі жыпылықтап, «TIMER
END» (Таймер аяқталды) хабары жылжып өтеді.
6 Таймерді тоқтату үшін тамақтандыру таймері ішкі мәзірінде «Тоқтату
және қайта орнату» опциясын таңдап, растау үшін OK түймесін басыңыз.
Тамақтандыру таймерін қайталатын етіп орнату
1 Бірдей орнату уақытынан кейін тамақтандыру таймерін өшетін ету үшін
таймерді орнатқаннан кейін тамақтандыру таймері ішкі мәзірінде «Timer
repeat» (Таймерді қайталау) опциясын таңдаңыз. Растау үшін OK
түймесін басыңыз.
387
Қазақша
Loading ...
Loading ...
Loading ...