User Manual - Page 244

For 603683100.

Loading ...
Loading ...
Loading ...
244 | Қазақ
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
u Өлшеу құралын әр пайдаланудан бұрын тексеріңіз. Өлшеу құралының ішінде
зақымдар немесе бос бөлшектер көрінетін болса, оның жұмысы сенімді
болмайды.
Өлшеу құралын тек түпнұсқа орауыш сияқты арнайы қорап ішінде сақтаңыз және
тасымалдаңыз. Өлшеу құралындағы сенсордың жанында ешбір жапсырманы
жабыстырмаңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін өлшеу құралын таза және құрғақ ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Ластануларды құрғақ, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе
еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Тазалау кезінде өлшеу құралына ешбір сұйықтық тимеуі тиіс.
Қабылдау линзасын (2) және лазер сәулесін шығару саңылауын (1) өте мұқият
тазалаңыз:
Қабылдау линзасында немесе лазер сәулесін шығару саңылауында ешқандай түктер
болмағанына көз жеткізіңіз. Қабылдау линзасынан кірді өткір заттармен кетіруге
әрекеттенбеңіз және қабылдау линзасының үстін сүртпеңіз (сызат түсіру қаупі бар).
Қажет болса, кірді майсыз сығылған ауамен абайлап үрлеп шығаруға болады.
Жөндеу үшін өлшеу құралын түпнұсқа орауышында жіберіңіз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Жарылу сызбалары мен қосалқы
бөлшектер туралы мәліметтерді төмендегі мекенжайда табасыз: www.bosch-pt.com
Bosch бағдарламасы кеңес тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары
туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде
өнімдің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және
кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық
немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ!
Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян
келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
1 609 92A 4RK | (06.03.2019) Bosch Power Tools
Loading ...
Loading ...
Loading ...