User Manual - Page 235

For 603683100.

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Қазақ | 235
u Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен
жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал қауіпсіздігін сақтайсыз.
u Балалар лазер өлшеу құралын бақылаусыз пайдаланбасын. Олар білмей
адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін.
u Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қаупі бар
ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып,
шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін.
u Өлшеу құралы технологияға байланысты жүз пайыздық қауіпсіздікке
кепілдік бермейді. Қоршаған орта әсерлері (мысалы, өлшеу аймағындағы шаң
немесе бу), температура (мысалы, жылу желдеткіш арқылы) және өлшеу
беттерінің сипаты мен күйі (мысалы, қатты шағылысатын немесе мөлдір
материалдар) өлшеу нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.
u Өлшеу құралын, әсіресе инфрақызыл линза мен лазердің аймағын ылғал
мен қардан қорғаңыз. Қабылдағыш линза булануы және өлшеу нәтижелері
қате болуы мүмкін. Қате құрылғы реттеулері және басқа да атмосфералық
әсерлер өлшеу нәтижелерінің қате болуына әкелуі мүмкін. Нысандар тым жоғары
немесе тым төмен температурамен көрсетіліп, бұл жанасу кезінде қауіпті
жағдайды тудыруы мүмкін.
u Дұрыс температура өлшемдері тек реттелген эмиссия дәрежесі мен
нысанның эмиссия дәрежесі сәйкес келгенде мүмкін болады. Нысандар тым
жоғары немесе тым төмен температурамен көрсетіліп, бұл жанасу әрекеттерінің
кезінде қауіпті жағдайды тудыруы мүмкін.
u Тасымалдау және сақтау кезінде батареяларды өлшеу құралынан шығарып
алыңыз. Ажыратқышты абайсыздан іске қосу кезінде адамдардың көзін
шағылдыруға болады.
Өнім және қуат сипаттамасы
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.
Мақсаты бойынша қолдану
Өлшеу құралы беттік температураны жанасусыз өлшеуге арналған.
Өлшеу құралын адамдар мен жануарлардың температурасын өлшеуге немесе басқа
медициналық мақсаттарда пайдалануға болмайды.
Өлшеу құралы газдар мен сұйықтықтарының беттік температурасын өлшеуге
арналмаған.
Өлшеу құралы ас өнімдерінің температурасын өлшеуге арналмаған.
Өлшеу құралы өнеркәсіптік мақсатпен пайдалануға арналмаған.
Bosch Power Tools 1 609 92A 4RK | (06.03.2019)
Loading ...
Loading ...
Loading ...