User Manual - Page 241

For 603683100.

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Қазақ | 241
материалдар таңдауға болатын мысал ретінде келтірілген. Материалдың эмиссия
дәрежесі әртүрлі факторларға тәуелді және өзгеленуі мүмкін болғандықтан,
төмендегі шолудағы мәліметтер шамамен беріледі.
Жоғарырақ эмиссия дәрежесі: бетон (құрғақ), кірпіш
(қызыл, бұдыр), құм тас (бұдыр), мәрмәр, ПВХ тақталары,
пластик (ПЭ, ПП, ПВХ), резеңке, анодталған алюминий
(күңгірт), бұдыр талшықты тұсқағаз, кілем, ламинат, кафель
(күңгірт), паркет (күңгірт), лак (қара, күңгірт), радиаторға
арналған лак, ағаш, шыны
Орташа эмиссия дәрежесі: эмаль, гранит, шойын, құм,
шамот
Төменірек эмиссия дәрежесі: тоз, шыны (ақ), лак (азғантай
қайтарғыш)
Төмендегі эмиссия дәрежелері пайдаланылады:
жоғарырақ эмиссия дәрежесі: 0,95
орташа эмиссия дәрежесі: 0,85
төменірек эмиссия дәрежесі: 0,75
Эмиссия дәрежесінің реттеуін өзгерту үшін Mode(8) түймесін соңғы өлшеуге
жарамды эмиссия дәрежесінің (d) көрсеткіші таңдалғанша басыңыз.
u Дұрыс температура өлшемдері тек реттелген эмиссия дәрежесі мен
нысанның эмиссия дәрежесі сәйкес келгенде мүмкін болады. Нысандар тым
жоғары немесе тым төмен температурамен көрсетіліп, бұл жанасу әрекеттерінің
кезінде қауіпті жағдайды тудыруы мүмкін.
Өлшеу жазықтығы
Беттік температураны жанасусыз өлшеген кезде инфрақызыл сәулелену өлшеу
жазықтығына белгіленеді.
Лазер нүктесі өлшеу жазықтығының орталық нүктесін шамамен белгілейді. Оңтайлы
өлшеу нәтижесіне қол жеткізу үшін өлшеу құралын лазер сәулесі осы нүктедегі
өлшеу жазықтығына тігінен тиетіндей етіп бағыттаңыз.
u Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті
алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Bosch Power Tools 1 609 92A 4RK | (06.03.2019)
Loading ...
Loading ...
Loading ...