User Manual - Page 243

For 603683100.

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Қазақ | 243
Үздіксіз өлшеу
Үздіксіз өлшеу үшін өлшеу түймесін (3) басып тұрыңыз. Лазер қосулы күйде қалып,
дисплейде SCANиндикаторы пайда болады. Лазерді баяу жылжыту арқылы
температурасын өлшеу қажет барлық үстіңгі беттерге реттілік бойынша бағыттаңыз.
Дисплейдегі индикатор әрдайым өзгереді. Өлшеу түймесін (3) жібергеннен кейін
өлшеу процесі тоқтатылып, SCAN индикаторы сөнеді және лазер өшіп қалады.
Дисплейде соңғы және соңғыдан бұрынғы өлшеудің нәтижелері көрсетіледі.
Ақаулар - Себептері және шешімдері
Өлшеу құралы бейімделмейді
Өлшеу құралы қатты температура өзгерістеріне ұшырап, бейімдеу үшін уақыт
жеткілікті болмады.
Қоршаған орта температурасы жұмыс температурасының диапазонынан тыс
Қоршаған орта температурасы өлшеу құралын пайдалану үшін тым жоғары немесе
тым төмен.
Беттік температура өлшеу диапазонынан тыс
Өлшеу жазықтығындағы өлшеу нысанының беттік температурасы тым жоғары
(>500°C, (h) индикаторын қараңыз) немесе тым төмен (<−30°C, (g) индикаторын
қараңыз) болғанда, индикатор жыпылықтайды. Осы нысанның температурасын
өлшеу мүмкін емес. Лазерді басқа нысанға бағыттап, жаңа өлшеуді бастаңыз.
Ішкі ақаулық
Өлшеу құралында ішкі ақаулық орын алса, дисплейде Err көрсетіліп, (j) белгісі
жыпылықтайды. Бағдарламалық жасақтаманы қалпына келтіру үшін батареяларды
шығарып, бірнеше секунд күтіңіз және батареяларды қайта салыңыз.
Егер ақаулық жойылмаса, өлшеу құралын Bosch қызмет көрсету орталығында
тексертіріңіз. Өлшеу құралын өз бетіңізбен ашпаңыз.
Терминология түсініктемелері
Эмиссия дәрежесі
Нысанның эмиссия дәрежесі материалға және үстіңгі беттің құрылымына
байланысты. Ол нысан (бірдей температураға ие басқа нысандармен
салыстырғанда) көп немесе аз инфрақызыл жылу сәулелерін шығаруын білдіреді.
Bosch Power Tools 1 609 92A 4RK | (06.03.2019)
Loading ...
Loading ...
Loading ...