User Manual - Page 240

For 603683100.

Loading ...
Loading ...
Loading ...
240 | Қазақ
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосу үшін төмендегі мүмкіндіктер бар:
Өлшеу құралын қосу-өшіру түймесі (9) арқылы қосыңыз. Қысқа іске қосу
реттілігінен кейін өлшеу құралы соңғы өшіру кезінде сақталған өлшем бірлігімен
жұмысқа дайын болады. Өлшеу әлі басталмайды, лазер өшіп тұрады.
Өлшеу құралын өлшеу түймесі (3) арқылы қосыңыз. Өлшеу түймесін(3)
қысқаша бассаңыз, өлшеу құралы қысқа іске қосу реттілігінен кейін өлшеуге
дайын болады. Өлшеу түймесін(3) 3 секундтан ұзақ бассаңыз, іске қосу
реттілігінен кейін лазер қосылып, өлшеу құралы соңғы өшіру кезінде сақталған
өлшем бірлігімен өлшеу әрекетін дереу бастайды.
u Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу құралын
пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру
мүмкін.
u Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті
алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін(9) басыңыз.
Егер шамамен 1минут ішінде өлшеу құралында ешбір түйме басылмаса, өлшеу
құралы батареялардың зарядын сақтау үшін автоматты түрде өшіп қалады.
Өлшеуге дайындық
Өлшем бірлігін реттеу
Цельсий бойынша градус алдын ала реттелген өлшем бірлігі болып табылады.
Цельсий бойынша градус және Фаренгейт бойынша градус арасында ауысу үшін
Mode(8) түймесін 3 секундтан ұзақ басыңыз.
Өлшеу құралы қосылып тұрғанда және өлшем бірлігі ауыстырылған жағдайда, соңғы
өлшеу мәндері жойылады. Өлшем бірлігі сақталып, өлшеу құралын қайта қосқанда
көрсетіледі.
Эмиссия дәрежесін реттеу
Беттік температураны анықтау үшін мақсатты нысан жіберетін табиғи инфрақызыл
жылы сәулелену еш жанасусыз өлшенеді. Оңтайлы өлшеу нәтижесіне қол жеткізу
үшін өлшеу құралында реттелген эмиссия дәрежесі (қараңыз „Эмиссия дәрежесі“,
Бет243) әр өлшеу алдында тексеріліп, қажетінше өлшеу нысанына бейімделеді.
Өлшеу құралы қосылғанда, әрдайым жоғары эмиссия дәрежесі алдын ала
орнатылады. Эмиссия дәрежесін ауыстырған жағдайда, соңғы өлшеу мәндері
жойылады.
Өлшеу құралында 3 эмиссия дәрежесін таңдауға болады. Төмендегі кестеде әр
эмиссия дәрежесі үшін ұқсас эмиссия дәрежелеріне ие жиі пайдаланылатын
1 609 92A 4RK | (06.03.2019) Bosch Power Tools
Loading ...
Loading ...
Loading ...