Samsung SM-R895FZSAEUA Galaxy Watch4 Classic

User Manual - Page 297

For SM-R895FZSAEUA. Also, The document are for others Samsung models: SM-R860, SM-R870, SM-R880, SM-R890, SM-R865F, SM-R875F, SM-R885F, SM-R895F

PDF File Manual, 616 pages, Read Online | Download pdf file

SM-R895FZSAEUA photo
Loading ...
Loading ...
Loading ...
Қазақ тілі
296
Құрылғыны кию кезінде абай болыңыз
Өлшемдердің дәлдігін қамтамасыз ету үшін, құрылғыны білегіңізге мықтап тағып жүруіңіз
қажет. Өлшеп болғаннан кейін бауды босатып, теріге ауа жіберіңіз. Құрылғыны тым бос немесе
қатты бекітіп тақпағаныңыз жөн дұрыс және ол қалыпты жағдайларда да ыңғайлы сезілуі
қажет.
Құрылғыны ұзақ уақыт таққан кезде немесе тағып жүріп, жоғары қарқынды жаттығуды жасаған
кезде керіліс, қысым немесе ылғал сияқты факторларға байланысты терінің тітіркену жағдайы
орын алуы мүмкін. Құрылғыны ұзақ уақыт тағып жүрген болсаңыз, теріңізді сау күйде ұстау
және білегіңіз демалуы үшін оны аз уақытқа шеше тұруыңыз қажет.
Егер құрылғы тым қатты тартылса, тері тітіркенуі орын алуы мүмкін, ал тым баяу босатсаңыз,
керіліс орын алуы мүмкін.
Тері тітіркенуін болдырмау үшін, құрылғыны құрғақ әрі таза ұстаңыз.
Құрылғы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес, бірақ тері сезімтал немесе
материалдарға аллергияңыз болған жағдайда қажетті сақтық шараларын орындаңыз.
Боямаңыз немесе құрылғыңызға жапсырмалар жабыстырыңыз
Бояу және жапсырмалар қозғалатын бөліктеріне кедергі келтіріп, дұрыс жұмыс істеуіне жол
бермеуі мүмкін.
Құрылғының бояуына немесе бөлшектеріне аллергияңыз болса, тері қышуы, қышыма пайда
болуы немесе ісуі мүмкін. Мұндай жағдайда құрылғыны пайдалануды тоқтатып, дәрігерден
кеңес алу керек.
Ұялы құрылғыларды және жабдықты сақтықпен орнатыңыз
Көлігіңізге орнатылған ұялы құрылғыларыңыздың немесе оларға қатысты жабдықтардың берік
бекітілгендігіне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны немесе көмекші құралдарды ауа жастық шығатын аймақтарға орналастырмаңыз.
Ауа жастықтары дереу шыққан кезде, дұрыс орнатылмаған сымсыз құрылғы денеңізді едәуір
жарақаттауы мүмкін.
Құрылғыңызды түсіріп алмаңыз немесе құрылғыңызға соққы тигізбеңіз
Құрылғы зақымдалуы немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Егер майысса не пішіні өзгерсе, құрылғыңыз зақымдалуы не бөлшектері істемей қалуы мүмкін.
Батареяның және зарядтағыштың ең жоғарғы жарамдылығына көз жеткізіңіз
Кейде пайдаланылмаған құрылғы заряды таусылса, оны пайдалану алдында зарядтау керек.
Зарядтағыш қолданылмаған кезде, оны қуат көздерінен ажыратыңыз.
Батареяны тек арнайы мақсаттарында пайдаланыңыз.
Құрылғының және батареяның ең ұзақ қызмет көрсету мерзімін қамтамасыз ету үшін осы
нұсқаулықтағы бүкіл нұсқауларды орындаңыз. Ескертулер мен нұсқауларды орындамау
тудырған зақымдар немесе нашар өнімділік өндіруші кепілдігінің күшін жоюы мүмкін.
Құрылғы уақыт өте келе тозады. Кейбір бөлшектер және жөндеу жарамдылық кезеңінде
кепілдікпен қамтылады, бірақ бекітілмеген қосалқы құралдарды пайдалану тудырған зақымдар
немесе нашарлау қамтылмайды.
Loading ...
Loading ...
Loading ...