Loading ...
Loading ...
Loading ...
110
Бірінші рет пайдалану алдында бүкіл орауыш материалдарын,
стикерлер және қосалқы құралдарды құрылғының ішінен және
сыртынан алып тастаңыз.
Құрылғы тегіс, тұрақты, ыстыққа төзімді жұмыс бетінде, су
тимейтін жерге орналастырылып пайдаланылуы тиіс.
Құрылғыны ылғалдылығы жоғары ортаға орналастырмаңыз
және пайдаланбаңыз.
Индукциялық тақтаны болат немесе алюминийден жасалған
бетке орналастырмаңыз немесе пайдаланбаңыз.
• Тиісінше желдетілуін қамтамасыз ету үшін, құрылғының барлық
жағынан кемінде 10 см (4 дюйм) бос орын қалдырыңыз.
Құрылғыны ешқашан қабырғаға жақын немесе қабырға
шкафының төменгі жағына орналастырмаңыз немесе
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны ешқашан тез тұтанатын (мысалы, перде,
т.б.) заттардың астында немесе жанында орналастырып
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны ешқашан пісіру конфоркасы немесе басқа қызатын
құрылғыларға жақын орналастырып пайдаланбаңыз.
• Пайдаланар алдында қуат сымын толығымен шығарыңыз.
Ұзартқыш сым пайдалануға болмайды. Осы әрекет үшін
жауапкершілікті өз мойныңызға алсаңыз, тек жақсы күйдегі,
жерге тұйықталған ашаны және құрылғының номиналды қуатына
сәйкес ұзартқыш сымды пайдаланыңыз.
Құрылғы қуат көзіне қосулы кезде, әсіресе, балалар бар жерде
ешқашан бір сәтке болсын қараусыз қалдырмаңыз.
• Қуат сымын балалардың қолы жететін жерге ілмеңіз.
Қуат сымы құралдың ыстық бөлшектеріне тиіп немесе жақын
тұрмауы, сондай-ақ жылу көзінің жанына немесе өткір жиекке
қойылмауы тиіс.
Кез келген адамның ұзартқыш сымға шалынуына жол бермеу
үшін, барлық қажетті сақтық шараларын қолданыңыз.
Пайдаланылмайтын кезде құрылғыны өшіріп, қуат көзінен
ажыратыңыз.
• Құрылғыны қуат сымынан тартып өшірмеңіз.
Қуат көзіне қосар алдында құрылғы мен қуат сымдарында
тозған және зақымдалған жерлердің бар-жоғын тексеріңіз.
Loading ...
Loading ...
Loading ...