Loading ...
Loading ...
Loading ...
109
KK
Бұл құрылғы тек үй ішінде пайдалануға арналған. Кәсіби
мақсатта, дұрыс емес пайдаланған немесе нұсқауларды
орындамаған жағдайда, өндіруші жауапты болмайды және
кепілдік қолданылмайды.
Қауіпсіздігіңіз үшін бұл құрылғы тиісті стандарттар мен
ережелерге сәйкес келеді (төмен кернеу, электрмагниттік
сәйкестік, азық-түлікпен қатынаста болатын материалдар,
қоршаған орта және т.б. жөніндегі директивалар).
Құрылғы тек айнымалы токпен жұмыс істеуге арналған. Алғаш
рет пайдалану алдында құрылғының деректер тақтасында
көрсетілген кернеудің желідегі кернеумен сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
• Нұсқаудан тыс жолдармен қосу кепілдіктің күшін жояды.
Құрылғыны әрқашан жерге тұйықталған арнайы розеткаға
қосыңыз. Шамадан тыс электрлік жүктеме мен өрт шығу қаупіне
жол бермеу үшін, розеткаға бір уақытта розетка адаптерін немесе
басқа құрылғыны қоспаңыз.
Әр түрлі стандарттар қолданылатындықтан, құрылғы сатып
алынған елден басқа елде пайдаланылса, бекітілген қызмет
көрсету орталығында тексертіңіз.
Кардиосимулятор немесе сол сияқты
басқа да медициналық құрылғыларды
пайдаланатын адамдар қуат көзіне қосылған
индукциялық тақтаға жақындамауы
тиіс. Қауіпті жағдайларға жол бермеу
үшін, құрылғыны пайдаланар алдында
дәрігермен кеңесіңіз.
Ескерту: егер беті сынып қалса, электр тогының
соғуына жол бермеу үшін құрылғыны өшіріңіз.
Ескертпе: керамикалық тақта
пайдаланылғаннан кейін ыстық болғандықтан,
ұстауға болмайды.
Loading ...
Loading ...
Loading ...