Loading ...
Loading ...
Loading ...
68
БІРІНШІ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Орауышты алу және қақпақты ашу
Құрылғыны орауышынан алып, тегіс бетке қойыңыз. Кепілдік
карточкасын қауіпсіз жерде сақтаңыз және құрылғыны бірінші
рет пайдалану алдында пайдалану туралы нұсқауларды оқып
шығыңыз.
Қақпақты ашу үшін қақпақ тұтқасын ұстап, сағат тіліне қарсы
бұраңыз да, құлыптау/ашу түймесін басыңыз. - 1 - 2.
Құрылғы ішінен бүкіл орауыш материалдарды алыңыз: пластик
пакеттер, қосалқы құралдар (бу кәрзеңкесі, күріш қасығы, өлшеу
шыныаяғы, конденсат жинағыш), әзірлеу кәстрөлі және аша. 3
Өнімде жарнамалық жапсырма бар болса, құрылғыны бірінші
рет пайдалану алдында оны алыңыз.
Тазалау
Тазалау алдында құрылғыдан ішкі қақпақты алыңыз. Алдымен,
бу қақпағы (1b) мен қысымды шектеу клапанын (1a) - 4 - 5
алыңыз. Содан кейін, ішкі қақпақтың бекіту сомынын (15) бұрап
алып, екі бөлікті ажырату үшін кішкене дөңес жерінен басып,
егер ішкі қақпақты қақпақтан ажырату қиын болса, арнаның
қысымды шектеу клапанын басыңыз - 6 - 7.
Әзірлеу кәстрөлі және ішкі қақпақты таза сумен шайыңыз және
құрылғыны ылғал матамен сүртіңіз. Ыдыс жуу машинасында
тек қосалқы құралдарды жууға болады - 89. Құрылғыны
пайдаланбас бұрын, оның толықтай құрғақ болуын қадағалаңыз.
Ескерту: әзірлеу кәстрөлі және ішкі қақпақ ыдыс жуу машинасының
әсерінен қорғалмаған (олардың сыртқы беті зақымдалады).
Ескертпе: Толығырақ ақпарат алу үшін, 83-беттегі "Тазалау
және техникалық қызмет көрсету" параграфын қараңыз.
Loading ...
Loading ...
Loading ...