Loading ...
Loading ...
Loading ...
Бумен тігінен үтіктеу
Үтіктен ыстық бу шығады. Киімді киіп тұрып үтіктеуші болмаңыз!
Үтіктің жанында өзіңіздің немесе басқа біреудің қолы тұрса, буды
шығармаңыз.
1 Киімді киім ілгішке асып, бір қолмен мықтап тартыңыз.
2 Киімді бумен үтіктеу үшін, үтікті тігінен ұстап, бу шығарғышты
басыңыз.
3 Үтіктің табанын киімге ақырын тигізіп, қатпарларды жазыңыз.
4 Қиын қатпарларды кетіру үшін, буды күшейту түймесі мен бу
шығарғышты бірге басыңыз.
ECO режимі (тек кейбір түрлерде)
Үтіктеу барысында ECO режимі арқылы энергияны үнемдей отырып,
киімдерді жақсылап үтіктеуге жететін бу ағынын шығаруға болады.
Ескертпе. Жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін, «Optimal Temp»
параметрін пайдалануға кеңес береміз.
1 Жарық жасыл болып жануы үшін қосу/өшіру түймесін 2 секундтай
басыңыз.
2 «Optimal Temp» параметріне оралу үшін, бу генераторын өшіріп,
қайта қосыңыз.
АВТОМАТТЫ ӨШУ/ECO режимі
Қуатты үнемдеу үшін, 10 минуттай жұмыс істемей тұрғанда, бу
генераторы автоматты түрде өшеді, қосу/өшіру түймесіндегі автоматты
өшу жарығы жыпылықтай бастайды. Бу генераторын қайтадан қосу үшін,
оның үстіндегі кез келген түймені басыңыз. Бу генераторы қайтадан
қыза бастайды.
Тазалау және техникалық қызмет көрсету
EASY DE-CALC тұтқасының көмегімен бу генераторын
қақтан тазалау
Бу генераторының ішіне қақтың жиналуына жол бермеу және бу
шығару мүмкіндігінің ұзаққа созылуын қамтамасыз ету үшін, осы бу
генераторының басқару панелінде DE-CALC жарығы бар. Бұл жарық 10
ай үтіктегеннен кейін жыпылықтай бастайды. Бұл жарық жыпылықтай
бастағанда, төмендегі қадамдарды орындап EASY DE-CALC
тұтқасының көмегімен қақтан тазалау процедурасын орындаңыз.
Бу генераторы ыстық болғанда, EASY DE-CALC тұтқасын шешпеңіз.
1 Қосу/өшіру түймесін басып бу генераторын өшіріңіз де,
штепсельдік ұшты қабырға розеткасынан ажыратыңыз.
2 Бу генераторының 2 сағат салқындауына мүмкіндік беріңіз.
ҚАЗАҚША78
Loading ...
Loading ...
Loading ...