Loading ...
Loading ...
Loading ...
- Қуат сымы мен бу жеткізу шлангісінің зақымдалмағанын жиі тексеріп
тұрыңыз.
- Розеткаға жалғамас бұрын, қуат сымын толығымен тарқатып алыңыз.
- Үтіктің түпқоймасы мен үтіктің түбі қатты қызады. Қолыңыз тиіп
кетсе, күйіп қалуы мүмкін. Егер бу генераторын жылжыту керек
болса, түпқойманы ұстамаңыз.
- Үтіктеп болғанда, үтікті тазалағанда, бу генераторын толтырып
немесе босатып жатқанда, сондай-ақ үтікті тіпті қысқа уақытқа
болса да қараусыз қалдырғанда, үтікті түпқоймасына қойыңыз,
өшіріңіз және қуат сымын қабырғадағы розеткадан ажыратыңыз.
- «Тазалау және техникалық қызмет көрсету» тарауындағы
нұсқауларға сәйкес бу генераторын мерзімді түрде қақтан тазалап
тұрыңыз.
- Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
стандарттарға сәйкес келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша
дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми дәлелдерге сәйкес, құрал
пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.
Пайдалануға дайындау
Алынбалы су ыдысына су құю
Су ыдысына ыстық суды, иіс суды, сірке суын, крахмалды, қақ кетіретін
сұйықтықтарды, үтіктеу құралдарын немесе басқа химиялық заттарды
құюға болмайды.
Ескертпе. Су ыдысы толып тұрғанда, бу ыдысын еңкейтуге немесе
шайқауға болмайды, себебі толтыру тесігінен су төгіліп кетуі мүмкін.
Су ыдысын шығарып алып, оны үтіктеу барысында кез келген уақытта
толтыруға болады.
Су ыдысын үтікті бірінші рет қолданғанда және «Су ыдысы бос»
жарығы жыпылықтағанда толтырыңыз.
1 Алынбалы су ыдысын бу генераторынан шығарып алыңыз.
2 Су ыдысын ағынды сумен MAX («Ең жоғары») көрсеткішіне дейін
толтырыңыз.
Ескертпе. Үйіңіздегі ағынды су өте қатты болса, онда сол судың
жартысын дистильденген сумен араластыруды ұсынамыз.
ҚАЗАҚША 75
Loading ...
Loading ...
Loading ...