Loading ...
Loading ...
Loading ...
3 Су ыдысын қайтадан бу генераторына сырғытып орнатыңыз
(«сырт» ете түседі).
Ескертпе. Егер су ыдысы дұрыс орнатылмаған болса, онда үтіктен бу
шықпайды.
Су генераторын қайта толтыру жарығы
Су ыдысы толықтай дерлік босағанда, «су ыдысы бос» жарығы жанып,
бумен үтіктеу мүмкін болмайды.
1 Су ыдысын шығарып, оған су құйыңыз.
2 Су ыдысын қайтадан бу генераторына салыңыз.
, Үтік бумен үтіктеуге дайын.
Құралды пайдалану
Optimal Temp технологиясы
Үтіктеуге болмайтын маталарды үтіктемеңіз.
Осы бу генераторында үтіктеуге болатын бүкіл мата түрлерін үтік
температурасын немесе бу параметрін реттеместен үтіктеуге
мүмкіндік беретін Optimal Temp технологиясы қолданылған.
1 Мына белгілері бар маталарды (мысалы, зығыр, мақта-мата,
полиэстер, жібек, жүн, вискоза, жасанды жібек) үтіктеуге болады.
2 Мына белгісі бар маталарды үтіктеуге болмайды. Бұл маталардың
құрамында спандекс немесе эластан, спандекс аралас талшықтар
және полиолефиндер (мысалы, полипропилен) сияқты
синтетикалық талшықтар бар. Сондай-ақ, басылған суреті бар
маталарды да үтіктеуге болмайды.
Бумен үтіктеу
1 Бу генераторын тұрақты және тегіс жерге (мысалы, үтіктеу
үстелінің қатты бөлігіне немесе үстелге) қойыңыз.
2 Су ыдысында жеткілікті су бар екенін тексеріңіз («Алынбалы су
ыдысын толтыру» бөлімін қараңыз).
ҚАЗАҚША76
Loading ...
Loading ...
Loading ...