User Manual - Page 164

For SXBHAE 925.

Loading ...
Loading ...
Loading ...
164
АҚАУЛАРДЫ ТАБУ МЕН ТҮЗЕТУ
Мәселе Шешімі
Иіс шығу
Ағызба құбырының бітелгенін немесе құрылғы
артындағы тамшы науасының толғанын тексеріңіз.
Құбырға ыстық су ағызып, оны толықтай тазалауға
болады; бірақ құрылғының өшірулі екендігіне,
істікшенің ұяшықтан ажыратылып тұрғандығына және
ағатын суды ұстайтын шелектің орнында тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Есіктер дұрыс жабылмайды
Есіктің жабылуына ешнәрсе кедергі келтіріп
тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Есік бөлімшелерінің және сөрелердің дұрыс
орналасуын тексеріңіз.
Есік тығыздауышының жыртылмағандығын немесе
бүлінбегендігін тексеріңіз.
Құрылғының тегісте тұруын тексеріңіз.
Әдеттен тыс шулар
Құрылғының тегіс, жазық және орнықты жерде
тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғының айналасындағы кеңістікті тексеріңіз және
оның басқа затттармен жанасып тұрмағанына көз
жеткізіңіз.
Шұрылдау мен бүлкілдеу дыбысы: Бұл дыбыс
тоңызытқыш сұйық жүйенің ішіндегі түтіктер арқылы
аққан кезде шығады. Бұл қалыпты жағдай.
Су ағысының дыбысы: Бұл жібіту кезінде судың
ағызбаның ішіне ағуының қалыпты дыбысы.
Құрылғының жұмысы кезінде шу шықса
(компрессордың шуы): Бұл қалыпты жағдай. Бұл шу
компрессордың жұмысы қалыпты екендігін көрсетеді.
Компрессор күш алып жатқан кезде қысқа мерзімге
әдеттен көрі шулырақ жұмыс істеуі мүмкін.
КЕПІЛДІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Кепілді қызмет көрсету орталығына
хабарласар алдында:
1. Ақауды өз бетіңізбен "Ақаулықтарды
Жою нұсқамасының" көмегімен шеше
алатыныңды тексеріңіз.
2. Ақаудың жөнделгеніне көз жеткізу
үшін құрылғыны қайта қосып көріңіз.
Егер жөнделмесе, құрылғыны қуат
көзінен ажыратып, бір сағаттай
күткен соң ғана қайта қосыңыз.
3. Егер ақаулық осы әрекеттерден соң
жойылмаса, Кепілді Қызмет Көрсету
бөліміне хабарласыңыз.
Айқындаңыз:
ақаудың табиғатын
құрылғының үлгісі,
Қызмет нөмірін (құрылғының
артындағы техникалық кестеде
ҚЫЗМЕТ деген сөзден соң тұрған сан)
толық мекен-жайыңыз
телефон нөміріңіз бен аймақтық
индекс.
Loading ...
Loading ...
Loading ...