User Manual - Page 151

For SXBHAE 925.

Loading ...
Loading ...
Loading ...
151
1. Орауыш
Орауыш материалы қайта өңделуге 100%
жарамды және оның
. қайта өңдеу
белгісі бар. Қоқысқа тастау үшін,
жергілікті ережелерді орындаңыз.
Орауыш материалдарын (пластикалық
қораптар, полистирол бөлшектер және т.б.)
балалардан алшақ ұстаңыз, себебі олар
қауіп көзі болып табылады.
2. Қайта өңдеу пунктіне өткізу/қоқысқа
тастау
Бұл құрылғы қайта өңделмелі материал
пайдаланылып өндірілген.
Бұл құрылғы Электрлік және электрондық
жабдықты қоқысқа тастау (WEEE) бойынша
2002/96/EC Еуропалық директивасына
сай белгіленген. Құрылғының тиісті
қоқысқа тасталуын қамтамасыз ету
арқылы, қоршаған орта мен адамдардың
денсаулығы үшін ықтимал жағымсыз
салдардың алдын алуға көмектесе аласыз.
Құрылғыдағы немесе онымен бірге берілген
құжаттардағы
белгісі бұл құрылғы
тұрмыстық қоқыс болып есептелмеуі
керек және электрлік және электрондық
жабдықты қайта өңдеуге арналған арнайы
жинау орталығына өткізілуі тиіс екендігін
көрсетеді.
Құрылғыны қайта өңдеу пунктіне өткізген
кезде, қуат кабелін кесу және балалар
ішіне кіріп, торға түсуін болдырмау үшін
есіктер мен сөрелерді алып тастау арқылы
құрылғыны қолданыстан шығарыңыз.
Құрылғыны арнайы жинау орталығына
апарып, қоқыстарды тастау бойынша
жергілікті ережелерге сәйкес қайта өңдеу
пунктіне өткізіңіз; құрылғы балалар үшін
қауіптің ықтимал көзі болғандықтан, оны
бірнеше күнге бақылаусыз қалдырмаңыз.
Бұл өнімді өңдеу, қалпына келтіру және
қоқысқа тастау бойынша қосымша ақпарат
алу үшін, құзыретті жергілікті кеңсеңізге,
тұрмыстық қоқысты жинау қызметіне
немесе құрылғы сатып алынған дүкенге
хабарласыңыз.
Сәйкестілік бойынша декларация
Бұл құрылғы тағамды сақтау үшін
жасақталған және (CE) № 1935/2004
ережесіне сәйкес өндірілген.
Бұл құрылғы төмендегілерге сәйкес
жасақталған, өндірілген және нарыққа
өткізілген:
- 2006/95/CE «Төмен кернеу»
директивасының қауіпсіздік талаптары
(73/23/CEE және кейінгі түзетулерді
ауыстырады);
- 2004/108/EC «EMC» директивасының
қорғаныс талаптары.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құрылғының үздік қолданылуын
қамтамасыз ету үшін, өнімнің
сипаттамасын және пайдалы кеңестерді
қамтитын қолдану нұсқауларын мұқият
оқып шығыңыз.
Бұл нұсқауларды болашақта қарау үшін
сақтап қойыңыз.
1. Құрылғыны орауыштан шығарғаннан
кейін, оның зақымдалмағандығына және
есіктің тиісінше жабылатындығына көз
жеткізіңіз. Кез келген зақым туралы
дилерге құрылғы жеткізілгеннен кейін 24
сағатта хабарлау керек.
2. Хладагент тізбегі толығымен жұмыс
істеуге қабілетті екендігіне көз жеткізу
үшін құрылғыны қоспас бұрын кемінде
екі сағат күтіңіз.
3. Құрылғыны пайдаланбас бұрын оның
ішін тазалап шығыңыз.
Loading ...
Loading ...
Loading ...