User Manual - Page 158

For SXBHAE 925.

Loading ...
Loading ...
Loading ...
158
ҚОЛДАНЫС АҚПАРАТЫ
Мұздатқыш бөлімшесінің температурасы
Мұздатқыштың есігі ашылғанда немесе түйме басылғанда дисплейде температура
көрсетіледі.
Тоңазытқыш бөлімшесінің температурасын реттеу
Тоңазытқыш бөлімшесіндегі температураны өзгерту үшін, тоңазытқыш температурасын
реттеу түймесін басыңыз. Тоңазытқыш температурасын 2°C және 8°C аралығына орнатуға
болады.
Тоңазытқыш температурасын реттеу түймесін, дисплейде қажетті температура
көрсетілгенше басыңыз. Температураны орнату барысында, дисплейдегі тоңазытқыш
температурасы жыпықтайтынын ескеріңіз. Қажетті температура орнатылғаннан кейін,
тоңазытқыш температурасы бірнеше секунд жыпықтап, дисплей автоматты түрде
бұғатталады және шамамен 30 секундтан кейін жоғалады.
Тоңазытқыш бөлімшесінің температурасы
Тоңазытқыштың есігі ашылғанда немесе түйме басылғанда дисплейде температура
көрсетіледі.
Режим параметрлері
Құрылғыда 4 алдын-ала орнатылған орнатылған режимдер бар және оларды режим
түймесін басу арқылы таңдауға болады:
Демалыс (мереке)
Жылдам мұздату
Жылдам мұздату және салқындату
Жылдам салқындату
Демалыс режимі (мереке режимі)
Бұл режим, құрылғы тұрақты түрде қолданылмаған кезде, қуатты үнемдеуге арналған
режим (демалыс кезінде/мысалға мереке кезінде).
Осы функцияны таңдасаңыз, мұздатқыш бөлімшесінің температурасы автоматты түрде
-18°C орнатылады және тоңазытқыш бөлімшесі өшіріледі.
Демалыс режимін қолдану үшін, режим түймесін, дисплейде демалыс белгісі жанғанша
басу қажет. Демалыс режимінен шығу үшін, режим түймесін, дисплейде ешбір режим
белгісі жанбағанша басу қажет.
Маңызды ескертпе: Осы режим таңдалған жағдай, тоңазытқыш бөлімшесіндегі барлық
тағамдар мен сусындарды алып шығу қажет
Жылдам мұздату
Бұл режим, мұздатылатын заттар алдын-ала мұздатылмаған болса қолданылады.
Тамақты мұздатқышқа жаңадан салатын болсаңыз, оларды барынша тез әрі оңай мұздату
үшін, мұздатқыш температурасын алдын төмендетіп қойған жөн. Жылдам мұздату
режимін 12 сағат бұрын таңдауыңыз қажет болуы мүмкін. Осы функцияны таңдасаңыз,
мұздатқыш бөлімшесінің температурасы автоматты түрде, көп дегенде 26 сағатта -24 °C
орнайды (бұл уақыт өткеннен кейін, температура алдында орнатылған күйіне оралады).
Егер мұздатқыш температурасы, 26 сағат ішінде -24°C градустан төмен түссе, құрылғы
жылдам мұздату режимінен автоматты түрде шығады.
Жылдам мұздату режимін қолдану үшін, режим түймесін, дисплейде жылдам мұздату
белгісі жанғанша басу қажет. Жылдам мұздату режимінен шығу үшін, режим түймесін,
дисплейде ешбір режим белгісі жанбағанша басу қажет.
Жылдам мұздату және салқындату
Тоңазытқыштың ішінде суығырақ температура болу үшін, жылдам мұздату және
салқындату параметрін қосып, құрылғыны ең салқын температураға қойыңыз. Осы
Loading ...
Loading ...
Loading ...