Samsung SM-R885F Galaxy Watch4 Classic LTE

User Manual - Page 293

For SM-R885F. Also, The document are for others Samsung models: SM-R860, SM-R870, SM-R880, SM-R890, SM-R865F, SM-R875F, SM-R895F

PDF File Manual, 616 pages, Read Online | Download pdf file

SM-R885F photo
Loading ...
Loading ...
Loading ...
Қазақ тілі
292
Абайлаңыз
Қауіпсіздік шараларын қолданбау және ережелерді сақтамау
ауыр жарақатқа немесе меншіктің зақымдалуына әкелуі мүмкін
Құрылғыңызды басқа электрондық құрылғылардың жанында пайдаланбаңыз
Көптеген электрондық құрылғылар радио жиілік сигналдарын пайдаланады. Құрылғы басқа
электрондық құрылғыларға кедергі келтіруі мүмкін.
Құрылғыңызды ауруханада, ұшақта немесе радио жиілік арқылы кедергі келтіруі
мүмкін көлік жабдығының жанында пайдаланбаңыз
Құрылғы электр кардиостимуляторға кедергі келтіретіндіктен, құрылғыны электр
кардиостимуляторға мүмкіндігінше 15 см ауқымында пайдаланбаңыз.
Кардиостимуляторға жасалатын кедергіні азайту үшін, құрылғыны тек дененің
кардиостимулятор орналасқан жағына қарама-қарсы жерде ғана пайдаланыңыз.
Медициналық құрылғыны пайдалансаңыз, құрылғыға осы құрал шығаратын радиотолқындар
әсері бар-жоғын анықтау үшін, құрылғыны қолдану алдында, оны жасаушымен хабарласыңыз.
Ұшақта электрондық құрылғыларды пайдалану ұшақтың электрондық навигациялық
құралдарына кедергі келтіруі мүмкін. Әуе желісімен берілген ережелерді және ұшақ
қызметкерлері нұсқауларын орындаңыз. Құрылғыны пайдалану рұқсат етілген жағдайларда
үнемі ұшақ режимін пайдаланыңыз.
Көлігіңіздегі электрондық құрал-жабдықтар осы құрылғы шығаратын радиотолқындар әсерінен
дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін, өнім жасаушымен хабарласыңыз.
Құрылғыға ауыр түтін әсерін тигізбеңіз
Бұлай істеу құрылғының сыртын зақымдауы немесе оның дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
Есту құралын пайдалансаңыз, радиотолқын кедергісі туралы мәліметті өнім
жасаушыдан біліңіз
Құрылғы шығаратын радиотолқын кейбір есту құралдарына кедергі жасауы мүмкін. Құрылғыны
пайдаланбас бұрын, есту құралына осы құрал шығаратын радиотолқындар әсері бар-жоғын
анықтау үшін, оны жасаушымен хабарласыңыз.
Құрылғыны дыбыстық жүйелер немесе радио мұнаралар сияқты радио жиіліктерді
шығаратын құрылғылардың немесе аппараттардың жанында пайдаланбаңыз
Радио жиіліктер құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
Loading ...
Loading ...
Loading ...