Karcher 1.513-124.0 SC 3 EasyFix

Bedienungsanleitung - Page 176

For 1.513-124.0.

PDF File Manual, 188 pages, Read Online | Download pdf file

1.513-124.0 photo
Loading ...
Loading ...
Loading ...
176 Қазақша
Кілемге арналған қондырманы еденге арналған
қондырмадан алу
АБАЙЛАҢЫЗ
Аяқтың күюі
Бумен өңдеу кезінде кілемге арналған қондырма
қатты қызуы мүмкін.
Бу щеткасымен жалаң аяқ немесе ашық аяқкиімде
ешқашан жұмыс істемеңіз жəне алмаңыз.
Бу щеткасымен тек сəйкес келетін аяқкиімде
жұмыс істеңіз жəне алыңыз.
1. Кілемге арналған қондырманың тілшесін бəтеңке
тұмсығымен төмен басыңыз.
2. Еденге арналған қондырманы жоғары көтеріңіз.
Сурет M
Күтім жəне техникалық қызмет
көрсету
Су багін босату
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Құрылғының судың тұрып қалуынан
зақымдалуы
Құрылғы 2 айдан астам уақытқа қолданылмайтын
болса, бактағы судың бұзылып бастауы мүмкін.
Құрылғыны пайдаланудағы ұзақ үлістерден бұрын,
бакті босатып қою керек.
1. Ажыратқышты Өшіру қалпына қойыңыз.
Бу генераторы өшірілген.
2. Желі кабелін токтан ажыратыңыз.
3. Қондырмаларды қондырмаларға арналған
ұстағыштан шығарыңыз.
4. Қақты жинақтау патронын құрылғыдан шығарып
алыңыз.
5. Ыдысты бо
са
тыңыз.
Сурет S
Қақты жинақтау патронын ауыстыру
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Құрылғыны зақымдау жəне қызмет көрсету
мерзімінің қысқартылуы
Қақты жинақтау патронын ауыстыру
аралықтарын сақтамау (басқару шамы
индикациясы) құрылғыны зақымдауы жəне қызмет
көрсету мерзімін қысқартуы мүмкін.
Ауыстыру аралықтарын (басқару шамы
индикациясы) сақтаңыз.
Нұсқау
Ауыстыру аралықтары судың жергілікті
кермектігіне байланысты болады. Суының тұзы
көп аймақтарда (мыс., III/IV) ауыстыру
аралықтары суы жұмсақ аймақтарға (мыс., I/II)
қарағанда қысқарақ болады.
Жұмысты аяқтаған кездегі индикатор
Қақты жинақтау патронын ауыстыру қажеттігі туралы
қақты жинақтау патронының басқару шамы келесі
тəсілмен хабарлайды:
мерзімінің аяқталуынан 2 сағат бұрын басқару
шамы жыпылықтап бастайды.
мерзімінің аяқталуынан 1 сағат бұрын б
асқару
шам
ы жылдамырақ жыпылықтап бастайды.
●Патронды ауыстыру мерзімі өтіп кеткен болса,
басқару шамы үнемі жанып тұрады жəне
зақымдалудың алдын алу үшін, құрылғы
өздігінінен өшіріледі.
Қақты жинақтау патронын орнату
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Құрылғыны зақымдау қаупі
Бұрын пайдаланылған қақты жинақтау патронын
орнату құрылғыны зақымдауы мүмкін.
Патрондарды ауыстырып алмау үшін, абайлап
жұмыс істеңіз.
Нұсқау
Қақты жинақтау патронын шешіп алып, жаңасын
орнатқан соң, буды алғаш рет іске қосқан кезде,
будың шығарылуы əлсіз немесе тегіс болмауы,
сондай-ақ, бөлек су тамшылары түзілуі мүмкін.
Қақты жинақтау патроны сумен
толтырылмайынша, құрылғыны аз уақытқа
қыздырып алу керек. Будың берілген мөлшері 30
секундтан соң ең жоғарғы мəніне жетпейінше,
үнемі көбейе береді.
1. Аж
ыратқышты Өшіру қалпына қойыңыз.
Бу генераторы өшірілген.
2. Қақты жинақтау патронын алыңыз.
3. Жаңа қақты жинақтау патронын салыңыз.
4. Ажыратқышты Қосу қалпына қойыңыз.
Бу генераторы қосылған.
5. RESET түймесін 4 секунд бойына басып
тұрыңыз.
Қақты жинақтау патронын ауыстыруды басқару
шамы өшеді, патронды ауыстыру мерзімінің
жаңа есебі басталады.
6. Құрылғының қыздырылуына мүмкіндік беріңіз.
7. Қақты жинақтау патронынан ауа
н
ы шығару үшін,
бу тетігін шамамен шам. 30 секунд бойына басып
тұрыңыз.
Судың кермектігін орнату
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Қақ себебінен құрылғының зақымдалуы
Қақты жинақтау патроны салынбаған жəне
құрылғыда судың дұрыс емес кермектігі
орнатылған жағдайда қақтың жинақталуы мүмкін.
Əрдайым тек қақты жинақтау патронымен жұмыс
істеңіз.
Құрылғыны судың жергілікті кермектігіне
орнатыңыз.
Құрылғыны судың кермектігі өзгеше аймақта
пайдаланбас бұрын (мыс., көшкен соң), алдымен
құрылғыны судың сəйкес кермектігіне орнатыңыз.
Нұсқау
Су шаруашылығы басқармасы немесе
муниципалитеттер су құбыры суының
қаттылығы туралы ақпарат береді.
Судың кермектігін реттеу RESET түймесінің
көмегімен жүзеге асырылады. Судың кермектігін
реттеу жаңа реттеу (мыс., көшуден кейін) жүзеге
асырылмайынша сақталып тұрады. Зауытта
құрылғыға ең жоғарғы судың кермектігі (IV деңгей)
орнатылады. Орнатылған судың кермектігі
құрылғыда импульстік жыпылықтаумен көрсетіледі.
Loading ...
Loading ...
Loading ...