Karcher 1.353-908.0 High pressure cleaner HD 10/15-4 Cage Food

Bedienungsanleitung - Page 73

For 1.353-908.0.

PDF File Manual, 80 pages, Read Online | Download pdf file

1.353-908.0 photo
Loading ...
Loading ...
Loading ...
Қазақша 73
pengoperasian. ● Risiko kecelakaan dan cedera.
Perhatikan berat perangkat saat mengangkut dan
menyimpan perangkat, lihat bab Data Teknis pada
panduan pengoperasian.
Қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулар Жоғарғы қысымды
жуғыш
Бұйымды алғаш рет қолдану алдында
осы қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқауларды жəне түпнұсқа
пайдалану бойынша нұсқаулықты оқып шығыңыз.
Оларға сай əрекет етіңіз. Кітаптардың екеуін де кейін
пайдалану немесе кейінгі пайдаланушылар үшін
сақтап қойыңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулықтағы
нұсқаулармен қоса, заңмен белгіленген жалпы
қауіпсіздік жəне қауіпсіздік техникасы бойынша
ережелерге назар аударуыңыз қажет.
●Құрылғыдағы нұсқаулары
мен ескертулері бар
тақтайша қауіпсіз пайдалануға арналған
маңызды нұсқауларды береді.
Қауіп деңгейлері
ҚАУІП
Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғатын тікелей қауіп бойынша нұсқау.
ЕСКЕРТУ
Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғуы мүмкін қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жеңіл жарақаттануға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Материалдық зиянға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
Жеке қорғаныс құралы
АБАЙЛАҢЫЗ
● 
Құрылғыдағы жұмыстарды
орындау үшін тиісті қолғапты пайдаланыңыз.
● 
Пайдалану нұсқаулығында дыбыстық қысымның
деңгейі 80 дБ(A)-ден жоғары көрсетілсе, құлақаспап
пайдалану қажет, пайдалану нұсқаулығындағы
Техникалық сипаттар бөлімін қараңыз.
● 
Ұшатын су
немесе лас тамшыларынан өзіңізді қорғау үшін,
қолайлы қорғайтын киімдерді жəне қорғаныш
көзілдірігін пайдаланыңыз.
● 
Құрылғыны пайдалану
кезінде аэрозоль булары туындауы мүмкін. Бұл
аэрозоль булармен тыныс алу денсаулыққа қауіпті
болуы мүмкін. Аэрозольмен демалудың алдын алу
үшін, тазарту қажет бетке жəне қоршаған орта
жағдайларына қарай қажетті қорғаныс шараларын
қабылдау үшін, жұмыс беруші өндірістік қауіптерді
бағалауға міндетті. Ағызып апаратын аэрозольдерді
қорғау үшін FFP 2 немесе одан жоғары кластың
респираторлары қажет
.
● 
Ыстық сумен жоғары
қысымды жуғыштарды ішкі жану
қозғалтқыштарында қолданған кезде пайдаланылған
газдар мен күйе пайда болуы мүмкін. Пайдаланылған
газдарды жұтсаңыз жəне күйені ұстасаңыз,
денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін. Пайдаланылған
газдарды жұтуға жəне күйемен жанасуға қарсы
қажетті қорғаныс шараларын анықтау қажет.
Сондықтан пайдаланылған газдардан қорғану үшін
тиісті тыныс алу маскасын жəне күйеден қорғану
үшін тиісті қолғапты қолданыңыз.
Техникалық қауіпсіздік бойынша жалпы
нұсқаулар
ҚАУІП ● Тұншығу қаупі! Қаптама пленканы
балалардан алыс ұстау қажет.
ЕСКЕРТУ ● Құрылғыны тек нұсқауға
сəйкес қолданыңыз. Жергілікті жағдайларды
ескеріңіз жəне құрылғымен жұмыс істеген кезде,
бөгде тұлғаларды, əсіресе балаларды
қадағалаңыз. ● Құрылғыны физикалық, психикалық
жəне ойлау қабілеті жеткіліксіз адамдардың,
тəжірибесі/білімі жеткіліксіз адамдардың
пайдалануына болмайды. ● Құрылғыны пайдалану
бойынша нұсқау берілген немесе құрылғыны
пайдалану мүмкіндігін растаған жəне осы
мақсатқа нақты тағайындалған адамдарға
ғана
пайдалануға рұқсат етілген. ● Балаларды
бұйыммен ойнамайтындай етіп қадағалап
тұрыңыз. ● Балаларға немесе жастарға
құрылғыны басқаруға рұқсат етілмейді.
АБАЙЛАҢЫЗ
● 
Қорғаныс құрылғысы сіздің
қауіпсіздігіңізге арналған. Қорғаныс құрылғысын
ешқашан өзгертпеңіз немесе ажыратпаңыз.
Ток соғу қаупі
ҚАУІП ● I қорғаныс сыныбы бар құрылғыны
сəйкес жерге тұйықталған қуат көзіне қосу керек.
● Зауыт тақтайшасында көрсетілген кернеу желі
кернеуіне сəйкес келу керек. ● Розетканың
сақтандырғыштармен минималды қорғанысын
қамтамасыз етіңіз, пайдалану нұсқаулығындағы
Техникалық сипаттар бөлімін қараңыз.
● Құрылғыны тек ақаулардан автоматты
қорғаныспен (макс. 30 мА) пайдалануға рұқсат
етіледі. ● Ешқашан қуат ашасы
мен электр
розеткасын ылғалды қолмен ұстамаңыз.
● Ұзартқыштың желі ашасы мен муфта су
өтпейтін болу жəне суда болмау керек. Жалғаулық
муфтаның еденде жатпауы керек. Розеткалардың
мин. еденнен 60 мм жоғары биіктікте болуына
кепілдеме беретін кабельдік барабандарды
қолданыңыз. ● Барлық ток беретін бөлшектері
судың енуінен қорғалған болу керек.
ЕСКЕРТУ ● Құрылғыны IEC 60364-1
стандартына сəйкес электрик маман орындаған
қуат көзіне жалғаңыз. ● Əрбір іске қосу алдында
желі кабелі мен желі ашасында зақым белгілерінің
жоқтығын тексеріңіз. Желі кабелі зақымдалған
жағдайда құрылғыны пайдалануға тыйым
салынады. Зақымдалған желі кабелін дереу
авторизацияланған сервистік қызмет/электрик
мамандар күшімен ауыстыру керек. ● Жаншу, қысу,
созу немесе осыған ұқсас
əрекетпен желі кабелін
немесе ұзартқышты зақымдап алмауға
тырысыңыз. Желі кабелін жоғарғы температура,
май жəне өткір жиектер əсерінен қорғау керек.
● Желіге қосу үшін əзірлеуші рұқсат еткен желілік
сымды ғана қолданыңыз, бұл шарт желілік сымды
ауыстырған кезде де əрекет етеді. Тапсырыс
жəне түрі. Пайдалану нұсқаулығынқараңыз.
● Үйлесімді емес электр ұзартқыштарының
қауіпті болуы мүмкін. Ашық аспан астында жұмыс
істеген кезде жеткілікті қимасы бар, тиісінше
таңбаланған жəне əзірлеуші рұқсат еткен электр
ұзартқыш сымды ғана қолданыңыз. ● Желіге
немесе ұзартқыш электр сымдарына қосуға
қолданылатын байланыстырғыш муфталар су
Loading ...
Loading ...
Loading ...