Makita DSC163 Cordless Steel Rod Cutter

User Manual - Page 92

For DSC163.

PDF File Manual, 96 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
92
2. Арматураны протекторға тимейтіндей етіп,
алмастар арасына айтарлықтай терең
орналастырыңыз. (7-сурет)
ЕСКЕРТУ:
Кесілетін арматура алмастар арасына толығымен
орналастырылмаса, алмастар зақымдалады;
арматура бірден шығарылады жəне ауыр жеке
жарақатқа себеп болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Кесілетін бөлік ұзындығы 200 мм-ден қысқа
болғанда арматураны кесуге болмайды. Қысқа
ұзындықты кесу арматураны кесу кезінде ұшып
кетуіне
себеп болып, ауыр жеке жарақатқа себеп
болуы мүмкін. (8-сурет)
ЕСКЕРТУ:
Арматураны тоқтатқышпен дұрыстап тіремейінше
кесуге болмайды. Кесу кезінде арматураны
тоқтатқыш жағында ұстаңыз. (9, 10 суреттері)
Ондай болмаса, кесілген бөлік ұшып кетуі мүмкін
жəне операторға немесе бөгде адамдарға ауыр
жарақат келтіруі мүмкін.
3. A жағындағы ауыстырып-қосқыш құлпын басыңыз.
Ауыстырып-қосқыш құлыптан босатылған жəне
шүріппені басқаруға болады.
4. Кесу жұмысын бастау үшін ауыстырып-қосқыш
шүріппесін басыңыз. Арматураны кесу үшін дискілі
алмас ара өзегі алға жылжиды. Дискілі алмас ара
өзегі жүріс шетіне тоқтағанша ауыстырып-
қосқышты басулы ұстаңыз.
5. Кесу жұмысы аяқталып, дискілі алмас ара өзегі
жүріс шетіне жеткен соң, ауыстырып-қосқыш
шүріппесін босатыңыз. Одан кейін ауыстырып-
қосқыш өзегі бастапқы орнына автоматты түрде
оралады. Ауыстырып-қосқыш өзегінің жүрісі
аяқталмаса, ол оралмайды. Сəйкесінше
ауыстырып-қосқыш өзегі бастапқы орнына
толығымен оралғаннан кейін алға қайта
жылжымайды. Дискілі алмас ара өзегі бастапқы
орнына толығымен оралып тоқтағаннан кейін,
келесі кесу жұмысын бастау үшін ауыстырып-
қосқышты басыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Керіліс күші жоғары арматураны кескен
кезде
кесілген бөлік ұшып кетуі мүмкін жəне операторға
ауыр жарақат келтіруі мүмкін. Жұмысты бастау
алдында қауіпсіздік көзілдіріктерін киіп, айналадағы
аймақ қауіпсіз екендігін растаңыз.
ЕСКЕРТУ:
Жұмыс барысында қолдарыңыз бен бетіңізді
алмастардан, жылжымалы бөлшектерден жəне
кесу аймағынан алшақ ұстаңыз.
Аккумуляторды қолданыстан кейін бірден құралдан
алыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Құрал корпусының температурасы 70°C (160°F)
көрсеткішінен асса, құрал
мүмкіндігі төмендейді.
Бұндай жағдайда қолданысты тоқтатып, құралды
суытыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Жолақ ұстағыш шетіндегі ауа саңылауын ластану
мен қалдықсыз сақтаңыз. Ауа саңылауы ішкі
қысымды бақылайды жəне кедергі келтірілмеуі
керек. (11-сурет)
Мотордың бұрылу функциясы
(12-сурет)
Жұмыс барысында мотор корпусын 360 градусқа кез
келген бағытта бұрылуы мүмкін. Бұл мүмкіндік қиын
немесе тар аймақтарда жұмыс істегенде пайдалы,
себебі ол операторға құралды оңай жұмыс орнына
орналастыруға мүмкіндік береді.
Қайтару клапаны жұмысы (13-сурет)
Қайтару клапанының функциясы - кесу жұмысын
аяқтау мүмкін болмағанда немесе кептелген жағдайда
дискілі алмас ара өзегін бастапқы орнына қайтару.
Қайтару клапанын жартылай бұрылысқа босату май
қысымын түсіріп, дискілі алмас араның оралуына
мүмкіндік береді. Дискілі алмас ара өзегі толығымен
қайтарылған соң жəне келесі жұмысты бастау
алдында қайтару клапанын қайта бекемдеңіз.
АЛМАСТАРДЫ АУЫСТЫРУ
ПРОЦЕДУРАСЫ
Алмастардың кескіш жиектері шытынаса, сынса,
майысып қалса немесе зақымдалса, кесу қабілеті
төмендейді. Мұндай жағдайларда кесу қосымша
зақымға себеп болып, жеке жарақатқа əкелуі мүмкін.
Зақым табылған жағдайда алмастарды бірден
ауыстыру керек.
ЕСКЕРТУ:
Алмастарды ауыстыру кезінде кездейсоқ жұмысты
болдырмас үшін аккумуляторды құралдан алыңыз.
Жолақ ұстағыштағы A алмасы мен дискілі алмас ара
өзегіндегі B жағы
дұрыс орындарына бекітілгеніне көз
жеткізіңіз. (14-сурет)
1. А жəне B алмасын ұстайтын болттар мен
шайбаларды босатыңыз.
2. Ластануды кетіріп, жаңа алмастар бекітілетін
беттерді тазалаңыз.
3. А алмасын жолақ ұстағышқа, ал B алмасын дискілі
алмас ара өзегіне бекітіңіз. Болттар мен
шайбаларды ауыстырып, жақсылап бекемдеңіз.
ЕСКЕРТУ:
А жəне B алмасын ұстайтын болттар жүйелі
бекітілуі керек. Егер
болттар босаса, алмастар
зақымдалып, жеке жарақатқа əкелуі мүмкін.
Loading ...
Loading ...
Loading ...