Makita DSC163 Cordless Steel Rod Cutter

User Manual - Page 91

For DSC163.

PDF File Manual, 96 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
91
Шамадан тыс жүктемеден қорғаныс
Бұл қорғаныс жүйесі құрал тым жоғары ток шығаратын
күйде жұмыс істегенде іске қосылады. Бұл жағдайда
құралды өшіріңіз жəне құралдың шамадан тыс
жүктелуіне себеп болған жұмысты тоқтатыңыз. Содан
кейін қайта іске қосу үшін құралды қосыңыз.
Қызып кетуден қорғаныс
Бұл қорғаныс жүйесі құрал немесе аккумулятор
шамадан тыс қызғанда іске
қосылады. Бұл жағдайда
құралды қайта іске қосудан бұрын, құрал мен
аккумуляторды суытыңыз.
Зарядтың шамадан тыс таусылуынан қорғаныс
Бұл қорғаныс жүйесі аккумулятордың қалған қуаты
төмендеген кезде іске қосылады. Бұл жағдайда
аккумуляторды құралдан алып тастап, зарядтаңыз.
Аккумулятордың қалған қуатын
көрсету (2-сурет)
(Елге байланысты)
Ауыстырып-қосқыш шүріппесін тартқан кезде, жарық
диодты индикатор дисплейі келесі кестеде
аккумулятордың қалған қуатын көрсетеді.
ЕСКЕРТПЕ:
Жарықдиодты индикатор дисплейі аккумулятор
қуатын үнемдеу үшін, ауыстырып-қосқыш
шүріппесін босатқаннан кейін шамамен бір
минуттан кейін өшеді. Қалған аккумулятор қуатын
тексеру үшін, ауыстырып-қосқыш шүріппесін жай
ғана тартыңыз.
Жарықдиодты индикатор дисплейі
жанғанда, бірақ
құрал тіпті қайта зарядталған аккумулятор
картриджімен жұмыс істемесе, құралды толықтай
суытыңыз. Егер жағдай өзгермесе, құралды Makita
жергілікті қызмет көрсету орталығына жөндеуге
беріңіз.
БАСҚАРУ ПРОЦЕДУРАСЫ
Барлық қауіпсіздік нұсқаулары мен басқару
процедураларын оқып түсініп орындаңыз. Егер
нұсқауларды түсінбесеңіз немесе дұрыс жұмыс
шарттары дұрыс болмаса, бұл құралды басқаруға
болмайды. Басшыға немесе басқа жауапты тұлғаға
хабарласыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Құралға аккумуляторды салу алдында босатылған
кезде қайта оралатындай етіп ауыстырып-қосқыш
шүріппесін тартып босатыңыз.
Ауыстырып-қосқыш шүріппесі босатылған кезде ол
тартылып
өшкен сəтте мотор қосылады.
Ауыстырып-қосқыш құлпының
жұмысы (3-сурет)
•A жағындағы ауыстырып-қосқыш құлпын басыңыз.
Ауыстырып-қосқыш құлыптан босатылған жəне
шүріппені басқаруға болады.
•B жағындағы ауыстырып-қосқыш құлпын басыңыз.
Ауыстырып-қосқыш құлыпталған жəне шүріппені
басқаруға болмайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ:
Ауыстырып-қосқыш шүріппесі пайдаланбаған сайын
құлыпталуы керек.
ЕСКЕРТУ:
Басқару алдында құралға қатысты оператор орны
мен қоршаған аймақ жұмысқа қауіпсіз екендігін
растаңыз. Қауіпсіздік
көзілдіріктерін тағып, қорғағыш
киімді киіңіз.
Осы нұсқаулықтан құрал сипаттамаларын қараңыз
жəне құралдың кесу мүмкіндігінен асатын
қаттылықты немесе өлшемді арматураны кесуге
болмайды.
Арматурадан басқа материалды кесуге болмайды.
Басқа материалдарды кесу керек болса,
өндірушіден сұраңыз.
ЕСКЕРТУ:
Зақымдалған (шытынаған, сынған, бұзылған)
немесе майысып қалған алмастарды бірден
ауыстырыңыз. Алмас шынайы кеспейді жəне сынық
немесе бұзылыс ауыр жеке жарақатқа себеп болуы
мүмкін.
Кесу процедурасы
ЕСКЕРТУ:
Құралды орнындағы протекторсыз ешқашан
пайдаланбаңыз. Əйтпесе ауыр жарақатқа əкелуі
мүмкін. (4-сурет)
Протектор - бөлшектердің операторға қарай
шығарылуын болдырмайтын жабдық. Ол
арматураның осьтік бағытын жобалаудың алдын
ала алады. Протекторды бөлшектерден
қорғайтындай етіп орналастырыңыз.
Кейбір суреттерде протектор көрсетілген, бірақ ол
тек протектор ішін көрсетуге арналған. Протекторды
үнемі орнында пайдаланыңыз.
1. Алмастар
арасына кесілетін арматураны
орналастырыңыз. (5-сурет)
Арматура алмастарға 90 градуста болуы үшін,
тоқтатқышты кесілетін арматура диаметріне сəйкес
реттеңіз. Тоқтатқыш арматураны тірейді жəне кесу
кезінде алмастарға перпендикуляр ұстайды.
(6-сурет)
ЕСКЕРТУ:
Арматураны кесу кезінде арматура алмастарға 90
градуста болуы үшін, тоқтатқышты кесілетін
арматура диаметріне сəйкес реттеңіз. Бұл реттеусіз
кесілген бөлік ұшып кетуі мүмкін жəне
операторға
немесе бөгде адамдарға ауыр жарақат келтіруі
мүмкін. Оператордың құралға қатысты орнын
ешқашан тексермей қалмаңыз жəне оператор мен
айналадағы орта қауіпсіздігін растаңыз.
Жарықдиодты
индикатор күйі
Аккумулятордың қалған
қуаты
Шамамен 50% немесе
одан да көп
Шамамен 20% - 50%
Шамамен 20%-дан аз
Loading ...
Loading ...
Loading ...