Makita DSC163 Cordless Steel Rod Cutter

User Manual - Page 88

For DSC163.

PDF File Manual, 96 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
88
Құрал пайдаланушылары мен жұмыс
аймағындағы басқа да тұлғалардың тиісті
қауіпсіздік қорғаныс жабдықтарын
пайдалануын қамтамасыз ету жұмыс берушінің
жауапкершілігінде.
Электрлік құралды пайдалану жəне күтім жасау
1. Электрлік құралға артық күш түсірмеңіз.
Орындалатын жұмысқа сəйкес келетін
электрлік құралды пайдаланыңыз. Дұрыс
таңдалған электрлік құрал өзіне жүктелген
жұмысты жақсы жəне қауіпсіз істейді.
2. Ауыстырып-қосқышы ақаулы
электрлік
құралды пайдаланбаңыз. Ауыстырып-қосқышы
ақаулы кез келген электрлік құрал қауіп төндіреді
жəне оны жөндеу керек.
3. Кез келген реттеулер жасамас бұрын, керек-
жарақтарды ауыстырмас бұрын немесе
электрлік құралдарды ұзақ уақытқа сақтамас
бұрын, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз жəне/
немесе аккумулятор блогы бар болса, оны
шығарып алыңыз. Осындай алдын алу
шаралары электрлік
құралдың кездейсоқ іске
қосылу қаупін азайтады.
4. Электрлік құралдарды балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз, сонымен қатар
электрлік құралмен жұмыс істей алмайтын
жəне осы нұсқауларды оқымаған тұлғаларға
құралды пайдалануға рұқсат етпеңіз. Арнайы
оқытудан өтпеген пайдаланушылар үшін электрлік
құрал қауіп төндіреді.
5. Электр құралдарына жəне керек-жарақтарға
техникалық қызмет көрсетіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің ауытқуы
жəне оралуы,
зақымдалған бөлшектер жəне электрлік
құралдың жұмысына кері əсер ететін басқа
жағдайлардың бар-жоғын тексеріңіз. Зақымы
болса, электрлік құралды жөндеген соң бірақ
пайдаланыңыз. Жазатайым оқиғалардың көбі
электрлік құралдарға дұрыс техникалық қызмет
көрсетілмеу себебінен болады.
6. Кесу құралдары өткір жəне таза болуы керек.
Кескіш жиектері өткір кесу құралдарын дұрыс
пайдалансаңыз, олар
тұрып қалмайды жəне
басқаруға оңай.
7. Электрлік құралды, керек-жарақтарды жəне
қондырмаларды, т.б. жұмыс жағдайы мен
орындалатын жұмысты ескере отырып, осы
нұсқауларға сəйкес пайдаланыңыз. Электрлік
құралды басқа мақсатта пайдаланған жағдайда,
қауіпті жағдай туындауы мүмкін.
8. Тұтқалардың жəне жұмыс орындалатын
беттердің құрғақ, таза жəне майлы болмауын
қамтамасыз етіңіз. Тұтқалар жəне қолмен
ұстайтын
беттер тайғақ болса, күтпеген жағдай
орын алғанда, құралды пайдалану жəне оған ие
болу мүмкін болмайды.
9. Электрлік құралды пайдаланған кезде, ішіне
тартылу матадан жасалған қорғаныс қолғабын
кимеңіз. Матадан жасалған қорғаныс қолғаптары
қозғалмалы бөлшектерге ілініп қалса, жарақаттауы
мүмкін.
Аккумулятормен жұмыс істейтін құралды
пайдалану жəне күтім жасау
1. Тек өндіруші көрсеткен зарядтау
құрылғысымен зарядтаңыз
. Бір аккумулятор
блогына сəйкес келетін зарядтау құрылғысын
басқа аккумулятор блогымен пайдалану өрт қаупін
тудыруы мүмкін.
2. Электрлік құралдарды тек көрсетілген
аккумулятор блоктарымен пайдаланыңыз. Кез
келген басқа аккумулятор блоктарын пайдалану
жарақат алу мен өрт шығу қапуін тудыруы мүмкін.
3. Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде, оны
қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер,
шегелер, бұрандалар сияқты металл
заттар мен
бір клеммадан екіншісіне қосылыс жасау
мүмкін басқа шағын металл заттардан аулақ
ұстаңыз. Аккумулятор клеммаларының қысқа
тұйықталуы күйік шалуға немесе өртке əкеп соғуы
мүмкін.
4. Дұрыс пайдаланбаған кезде аккумулятордан
сұйықтық ағуы мүмкін; оған тимеуге
тырысыңыз. Егер абайсызда тиіп кетсеңіз,
сумен шайыңыз. Егер сұйықтық көзге тиген
болса, медициналық көмекке жүгініңіз.
Аккумулятордан
шыққан сұйықтық тітіркену немесе
күйікке себеп болуы мүмкін.
5. Зақымдалған немесе өзгертілген аккумулятор
блогын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе
өзгертілген аккумуляторлардан нəтижесінде өрт,
жарылыс немесе жарақат алу қаупіне əкелетін
күтпеген жағдайлар туындауы мүмкін.
6. Аккумулятор блогын немесе құралды от немесе
шамадан тыс жоғары температура шығаратын
заттың жанына қоймаңыз. Отқа түссе немесе
температура 130 °C-тан жоғары
болса, жарылуы
мүмкін.
7. Зарядтауға қатысты нұсқаулардың барлығын
орындаңыз жəне аккумулятор блогын немесе
құралды нұсқауларда көрсетілген температура
ауқымынан тыс зарядтамаңыз. Дұрыс
зарядтамалмаса немесе көрсетілген ауқымнан тыс
температурада зарядталса, аккумулятор
зақымдалуы жəне өрт шығу қаупі артуы мүмкін.
Loading ...
Loading ...
Loading ...