Makita DSC163 Cordless Steel Rod Cutter

User Manual - Page 90

For DSC163.

PDF File Manual, 96 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
90
11. Аккумулятор картриджін кəдеге жаратқан кезде
оны құралдан шығарып алып, қауіпсіз жерде
кəдеге жаратыңыз. Аккумуляторды кəдеге
жаратуға қатысты жергілікті ережелерді
орындаңыз.
12. Аккумуляторларды тек Makita компаниясы
көрсеткен өнімдермен бірге пайдаланыңыз.
Аккумуляторларды үйлесімді емес өнімдерге
орнату өртке, қызып кетуге, жарылысқа немесе
электролит ағуына əкеп соқтыруы мүмкін.
13. Егер құрал ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмайтын болса
, құралдағы
аккумуляторды алып тастау керек.
14. Аккумулятор картриджін пайдалану кезінде
жəне пайдаланғаннан кейін, ол қызып, күйікке
немесе төмен температуралы күйікке əкелуі
мүмкін. Ыстық аккумулятор картридждерімен
жұмыс істегенде сақ болыңыз.
15. Құралдың клеммасын пайдаланғаннан кейін,
оны бірден ұстамаңыз, ол күюге себеп
болатындай ыстық болуы мүмкін.
16. Аккумулятор картриджінің клеммаларына,
саңылауларына жəне ойықтарына жоңқа
, шаң
немесе кірдің тұрып қалуын болдырмаңыз. Бұл
құралдың немесе аккумулятор картриджінің
сынуына немесе өнімділігінің нашарлауына алып
келуі мүмкін.
17. Егер құрал жоғары вольтты электрлік қуат
желілері жанында пайдалануға жарамды
болмаса, аккумуляторлық картриджді жоғары
вольтты электрлік қуат желілері жанында
пайдаланбаңыз. Бұл құралдың немесе
аккумулятор картриджінің істен шығуына немесе
сынуына алып келуі мүмкін
.
18. Аккумуляторды балалардан аулақ ұстаңыз.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАҢЫЗ.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ:
Тек түпнұсқа Makita аккумляторларын
пайдаланыңыз. Түпнұсқа емес Makita
аккумуляторларын немесе өзгертілген
аккумуляторларды пайдалану нəтижесінде өрт,
жарақат алу немесе зақымдалуға себеп болатын
аккумулятор жарылуына əкелуі мүмкін. Ол сондай-
ақ Makita құралы мен зарядтау құрылғысы үшін
Makita кепілдігінің күшін жояды.
Аккумулятордың максималды қызмет
ету мерзімін сақтау бойынша кеңестер
1. Аккумулятор картриджін қуаты толығымен
таусылмас бұрын зарядтаңыз. Электр
құралының қуаты аз екендігін байқаған кезде,
құрал жұмысын тоқтатып, аккумулятор
картриджін зарядтаңыз.
2. Толығымен зарядталған аккумулятор
картриджін ешқашан қайта зарядтамаңыз.
Артық зарядтау аккумулятордың қызмет ету
мерзімін қысқартады.
3. Аккумулятор картриджін 10 °C – 40 °C (50 °F –
104 °F) бөлме температурасында зарядтаңыз.
Зарядтамас бұрын аккумулятор картриджін
суытыңыз.
4. Аккумулятор картриджін пайдаланбаған
уақытта
оны құралдан немесе зарядтау
құрылғысынан алып тастаңыз.
5. Егер аккумулятор картриджін ұзақ уақыт бойы
(алты айдан артық) пайдаланбаған болсаңыз,
оны зарядтаңыз.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ:
Құралдың функциясын реттемес жəне тексермес
бұрын, əрдайым құралдың өшірулі екендігіне жəне
аккумулятор картриджінің алынғанына көз
жеткізіңіз.
Аккумулятор картриджін орнату немесе
алу (1-сурет)
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор картриджін орнатпас немесе алмас
бұрын, əрдайым құралды өшіріңіз.
Аккумулятор картриджін орнатқан немесе алған
кезде құралды жəне аккумулятор картриджін
мықтап ұстаңыз. Құралды жəне аккумулятор
картриджін мықтап ұстамау, олардың қолыңыздан
сырғанап түсіп, нəтижесінде құралдың жəне
аккумулятор картриджінің зақымдалуына жəне
жарақат алуға əкеп соқтыруы мүмкін.
Аккумулятор картриджін алу үшін
картридждің
алдыңғы жағындағы түймені сырғытып, оны құралдан
сырғытып шығарып алыңыз.
Аккумулятор картриджін орнату үшін, аккумулятор
картриджіндегі тілшені корпустағы жырашықпен
туралап, оны орнына сырғытып салыңыз. Сырт еткен
дыбыс естілмейінше оны орнына итеріп салыңыз. Егер
түйменің жоғарғы жағында қызыл индикатор көрініп
тұрса, демек ол толығымен құлыпталмаған.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор картриджін əрдайым қызыл
индикатор
көрінбейтіндей етіп, толығымен орнатыңыз. Олай
жасамаған жағдайда, ол құралдан кездейсоқ түсіп
қалып, сізді немесе айналаңыздағы адамдарды
жарақаттауы мүмкін.
Аккумулятор картриджін күштеп орнатпаңыз. Егер
картридж жеңіл сырғымаса, демек ол дұрыс
салынбаған.
Құралдың/аккумулятордың қорғаныс
жүйесі
Құрал құралды/аккумуляторды қорғау жүйесімен
жабдықталған. Бұл жүйе құрал мен аккумулятордың
қызмет ету мерзімін ұзарту үшін қуат көзін автоматты
түрде өшіреді. Егер құрал немесе аккумулятор
төмендегі жағдайлардың біреуіне тап болса, құрал
жұмыс барысында автоматты түрде тоқтайды:
Loading ...
Loading ...
Loading ...