Bosch 18V-210 C GDR Cordless Impact Driver

User Manual - Page 169

For 18V-210.

PDF File Manual, 277 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Қазақ | 169
Жарық диодтарыҚуаты
Үздіксіз жарық 1× жасыл5−30%
Жыпылықтау 1× жасыл0−5%
Аккумулятор түрі ProCORE18V...
Жарық диодтарыҚуаты
Үздіксіз жарық 5× жасыл80−100%
Үздіксіз жарық 4× жасыл60−80%
Үздіксіз жарық 3× жасыл40−60%
Үздіксіз жарық 2× жасыл20−40%
Үздіксіз жарық 1× жасыл5−20%
Жыпылықтау 1× жасыл0−5%
Bluetooth® Low Energy Module GCY42 модулін
(керек-жарақ) орнату
Bluetooth® Low Energy Module GCY42 туралы ақпаратты
жинақтағы пайдалану бойынша нұсқаулықтан қараңыз.
Құралды ауыстыру
u Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Алмалы-салмалы аспапты енгізу (A–B суреттерін
қараңыз)
GDR 18V-210 C / GDX 18V-210 C:
Бекіту төлкесін(2) алға тартып, алмалы-салмалы аспапты
тірелгенше құрал бекіткішіне(1) жылжытыңыз да, бекіту
төлкесін(2) жіберіп, алмалы-салмалы аспапты бекітіңіз.
Соққыға төзімді бұрауыш биттерді(12) шар тәрізді
ысырмасы бар әмбебап бит ұстағышы(13) арқылы
енгізуге болады.
Алмалы-салмалы аспапты енгізу (B–C суреттерін
қараңыз)
GDX 18V-210 C / GDS 18V-210 C:
u Алмалы-салмалы аспапты орнатқанда оның құрал
бекіткішіне нық орнатылып тұрғанына көз
жеткізіңіз. Алмалы-салмалы аспап құрал бекіткішімен
нық біріктірілген болмаса, ол бұрау кезінде босап кетуі
мүмкін.
Алмалы-салмалы аспапты(14) құрал бекіткішінің(1)
квадратына салыңыз.
Жүйеге қарай алмалы-салмалы аспап(14) құрал
бекіткішінде(1) аздап бос тұрады; бұл жұмысына/
қауіпсіздігіне әсер етпейді.
Кейбір алмалы-салмалы аспаптар (мысалы, қос биттер)
құрал бекіткішіне берік бекітілмейді.
Алмалы-салмалы аспапты шығару (A–B
суреттерінқараңыз)
Бекіту төлкесін (2) алға қарай жылжытып, алмалы-
салмалы аспапты шығарыңыз.
Пайдалану
Функционалды жұмыс істеу әдісі
Аспап патроны (1) алмалы-салмалы аспаппен электр
қозғалтқыштан беріліс пен қағу механизмі арқылы
жүргізіледі.
Жұмыс барысы екі фазаға бөлінеді:
Бұрап бекіту және Тарту (қағу механизмі жұмыс істейді).
Қағу механизмі бұранда қатып қозғалтқыш жүктелгенде
іске қосылады. Қағу механизмі де осылай қозғалтқыш
күшін бір қалыпты бұрап қағуларға айналдырады.
Бұранда немесе сомындарды босатуда бұл әдіс керісінше
орындалады.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Нұсқау: Электр құралыңызға арналмаған аккумуляторды
пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе электр құралының
зақымдануына алып келуі мүмкін.
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (8) ортаңғы күйге
орнатып, электр құралын кездейсоқ қосылуынан
қорғаңыз.
Зарядталған аккумуляторды (4) электр құралының
тірегіне аккумулятор берік бұғатталғанша кіргізіңіз.
Бұрау бағытын реттеу (D суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (8) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (9) басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрандаларды бұрап кіргізу
және сомындарды тарту үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын (8) солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен
сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын (8) оңға тірелгенше
басыңыз.
Айналымдар/қағу санын реттеу
Ажыратқышты (9) басу күшін өзгерте отырып, қосылған
электр құралының айналымдар/қағулар санын біртіндеп
реттеуге болады.
Ажыратқышты (9) жай басу төмен айналымдар/қағулар
санын қосады. Басу күшейсе айналымдар/қағулар саны
көбейеді.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (9) басып
тұрыңыз.
Жұмыс шамы (18) ажыратқыш (9) кішкене немесе толық
басылғанда жанады және жеткіліксіз болған жарық
жағдайында жұмыс аймағын жарықтандырады.
Bosch Power Tools1 609 92A 5TB | (06.05.2021)
Loading ...
Loading ...
Loading ...