User Manual - Page 589

For EO-SG928.

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Bluetooth динамигін пайдалану
13
Келесі мультимедиалық файлға өту
Файлдарды ойнату барысында келесі файлға өту үшін дыбыс деңгейі (+) түймесін басып
тұрыңыз.
Алдыңғы мультимедиалық файлға өту
Ойнату барысында алдыңғы файлға өту үшін дыбыс деңгейі (-) түймесін басып тұрыңыз.
Дыбыс деңгейін реттеу
Дыбыс деңгейі түймесін басыңыз.
Samsung Level қолданбасын пайдалану
Қосылған құрылғыда Samsung Level қолданбасын Google Play Store немесе Galaxy Apps
дүкенінен жүктеңіз. Осы қолданбаның көмегімен, батареяның қалған қуатын тексеруге және
дыбыс деңгейін реттеуге болады. Сондай-ақ, қосылулы құрылғыда хабарландырулар болған
кезде, Bluetooth динамигін дауыстық хабарландырулар арқылы хабарландыру үшін орнатуға
болады. Қосымша ақпаратты қолданба анықтамасының мәзірінен қараңыз.
Samsung Level қолданбасы Android операциялық жүйесінің 4.2.2 немесе одан жоғары
нұсқасы орнатылған Samsung мобильді құрылғыларымен үйлесімді. Жалғанып
қосылған құрылғыға немесе операциялық жүйеге байланысты кейбір функциялар
ерекшеленуі немесе сіздің Bluetooth динамигінде жұмыс істемеуі мүмкін.
Өте жоғары сапалы Bluetooth (UHQ-BT)
мүмкіндігін қолдану
Егер қосылған мобильді құрылғы өте жоғары сапалы Bluetooth (UHQ-BT) мүмкіндігін қолдаса,
өте жоғары сапалы мультимедиалық файлды ойнатқан кезде, UHQ стандартына тиесілі
аудионы Bluetooth динамигінің көмегімен тыңдауға болады. UHQ-BT мүмкіндігін аяқтау
үшін қосылған мобильдң құрылғыда Samsung Level қолданбасын пайдаланыңыз. Қосымша
ақпаратты Samsung Level қолданбасының анықтамасынан қараңыз.
•
UHQ аудио тыңдау үшін Bluetooth мүмкіндігін қолданған кезде, Bluetooth
динамигі батареясын қолдану тиімділігі мен Bluetooth (10 м) ең жоғары ауқымы
қысқартылуы мүмкін.
•
Қосылған мобильді құрылғы үшін өнімнің айрықшаламасын қарау және ол UHQ-
BT мүмкіндігіне қолдау көрсететіндігіне көз жеткізу мақсатында www.samsung.com
сілтемесінен өтіңіз.
Қазақ тілі
13
Loading ...
Loading ...
Loading ...