User Manual - Page 580

For EO-SG928.

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Жұмысты бастау
4
Батареяны зарядтау
Bluetooth динамигін бірінші рет пайдалану алдында немесе батарея ұзақ кезеңдер бойы
пайдаланылмаған кезде батареяны зарядтау керек.
Тек Samsung бекіткен зарядтағыштарды (5 В/2 A немесе одан жоғары) және
кабельдерді ғана пайдаланыңыз. Бекітілмеген зарядтағыштар немесе кабельдер
батареяның жарылуына немесе Bluetooth динамигінің зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Егер батарея заряды толығымен таусылса, зарядтағышты жалғағаннан кейін Bluetooth
динамигін бірден қосуға болмайды. Bluetooth динамигін қосудан бұрын таусылған
батареяның бірнеше минут зарядталуына мүмкіндік беріңіз.
Bluetooth динамигін USB қуат адаптеріне USB кабелі арқылы жалғаңыз. USB қуат адаптерін
электр розеткасына қосу.
Зарядтағышты дұрыс жалғамау Bluetooth динамигін қатты зақымдауы мүмкін. Дұрыс
пайдаланбау тудырған ешбір зақымды кепілдік қамтымайды.
Қазақ тілі
4
Loading ...
Loading ...
Loading ...