User Manual - Page 588

For EO-SG928.

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Bluetooth динамигін пайдалану
12
Bluetooth динамигін пайдалану
Bluetooth динамигі екінші құрылғыға қосылған болса, әр түрлі мүмкіндіктер қол жетімді.
Келесі сипаттамалар Android 5.0 орнатылған Samsung мобильді құрылғысына
негізделген. Жалғанып қосылған құрылғыға байланысты кейбір функциялар
ерекшеленуі немесе сіздің Bluetooth динамигінде жұмыс істемеуі мүмкін.
Мультимедиалық файлдарды ойнату
Bluetooth динамигі, қосылған құрылғылардың мультимедиалық файлдарын ойнатуды басқару
және олардың дыбыс деңгейін басқару мүмкіндігіне ие.
•
Bluetooth динамигі белгіленген құрылғыларға қосылған кезде, мультимедиалық
файлдарды ойнатуды басқару мүмкіндігіне ие болмайды.
•
Bluetooth динамигі және басқа құрылғы аудио кабель арқылы қосылып тұрған
кезде, Bluetooth динамигі тек дыбыс деңгейін ғана бақылай алады.
•
Егер зарядтау кезінде файлды қатты дыбыс деңгейімен ойнатсаңыз, Bluetooth
динамигі сөнуі мүмкін.
Мультимедиалық файлды ойнату және кідірту
Көп функция түймесін басыңыз. Ең соңғы болып ойнатылған музыкалық файл, қосылулы
құрылғыда орнатылған әдепкі музыкалық қолданбада автоматты түрде ойнатылатын болады.
Ойнату кезінде, ойнатуды кідірту үшін көп функция түймесін басыңыз. Ойнатуды жалғастыру
үшін көп функция түймесін қайтадан басыңыз.
Мультимедиалық файлдар екі қосылулы құрылғыда бір уақытта ойнатылып жатса,
Bluetooth динамигі, бірінші болып ойнатыла бастаған құрылғыда файлды ойнататын
болады. Қазіргі уақытта ойнатылып жатқан файлды кідіртсеңіз, екінші құрылғыда
ойнатылып жатқан файл автоматты түрде ойнатылады.
Қазақ тілі
12
Loading ...
Loading ...
Loading ...