Samsung SM-R885FZSAEUA Galaxy Watch4 Classic

User Manual - Page 298

For SM-R885FZSAEUA. Also, The document are for others Samsung models: SM-R860, SM-R870, SM-R880, SM-R890, SM-R865F, SM-R875F, SM-R885F, SM-R895F

PDF File Manual, 616 pages, Read Online | Download pdf file

SM-R885FZSAEUA photo
Loading ...
Loading ...
Loading ...
Қазақ тілі
297
Құрылғыңызды бөлшектемеңіз, түрін өзгертпеңіз немесе жөндемеңіз
Құрылғыңызға енгізілген өзгертулер не түрлендірулер өндірушінің кепілдігін жарамсыз етеді.
Құрылғыға қызмет көрсету қажет болса, құрылғыны Samsung қызмет көрсету орталығына алып
барыңыз.
Жарылуға не өрттің шығуына себеп болатындықтан, батареяны бөлшектемеңіз немесе
теспеңіз.
Батареяны бөлшектемеңіз немесе қайта пайдаланбаңыз.
Құрылғыны тазалағанда мыналарды ескеріңіз
Құрылғыңызды не зарядтағышты сүлгімен не шүберекпен сүртіңіз.
Батарея ұштарын мақта тампонмен немесе орамалмен тазалаңыз.
Химикаттар не тазалағыш құралдар пайдаланбаңыз. Бұлай істеу құрылғы сыртының
түссізденуіне немесе тот басуына әкелуі мүмкін я болмаса ток соғуына немесе өртке әкелуі
мүмкін.
Құрылғыны шаң, тер, сия, май және косметика, бактерияға қарсы спрей, қол тазалау құралы,
ағартқыш және инсектицидтер сияқты химиялық өнімдер әсерінен қорғаңыз. Құрылғының
сыртқы және ішкі бөлшектері зақымдалуы мүмкін немесе нашар өнімділікке әкелуі мүмкін. Егер
құрылғыға жоғарыда аталғандардың біреуі түссе, тазалау үшін түктенбейтін жұмсақ матаны
қолданыңыз.
Құрылғыны арналған мақсатына пайдаланудан басқа мақсатқа пайдаланбаңыз
Құрылғы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Құрылғыны қоғамда пайдаланған кезде басқаларын мазаламаңыз
Құрылғыңызды тек білікті мамандар ғана жөндесін
Біліксіз мамандарға құрылғыңызды жөндеттіру салдарынан құрылғыңыз зақымдануы мүмкін және
өндіруші кепілдігі жарамай қалады.
Кабельдерді күтіп ұстаңыз
Құрылғыға кабельді қосқанда, кабель тиісті жаққа қосылғанын тексеріңіз.
Күшпен немесе дұрыс емес кабельді қосу көп мақсатты ұяның немесе құрылғының басқа
бөлшектерінің зақымдануына әкелуі мүмкін.
Төтенше қызмет орындарына қоңырау шалынатынын тексеріңіз
Құрылғыңыздан төтенше қызмет орындарына кейбір аймақтарда немесе жағдайларда қоңырау
шалынбауы мүмкін. Қолданыс аясынан тыс немесе дамымаған аумақтарға саяхатқа шығар
алдында төтенше қызмет қызметкерлерімен байланысқа түсудің басқа әдісін жоспарлаңыз.
Loading ...
Loading ...
Loading ...