Loading ...
Loading ...
Loading ...
120 | Қазақ
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сыртқы сорғыш (B–C суреттерін қараңыз)
Шаңсорғышсыз жұмыс істеу кезінде сору құбырын (8)
шаңнан қорғайтын қақпақпен (9) жауып қойыңыз.
Шаңсорғышпен жұмыс істеу үшін шаңнан қорғайтын
қақпақты (9) алып тастаңыз.
Сору адаптерін (10) сору құбырына (8) енгізіңіз. Сору
адаптеріне (10) диаметрі 19мм сорғыш шлангіні
жалғауға болады.
Осы нұсқаулықтың соңында әртүрлі шаңсорғыштарға
жалғау әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Ажарлау дискісін алмастыру
(D суретін қараңыз)
Жаңа ажарлау дискісін енгізуден бұрын ажарлау
пластинасын (6) кір мен шаңнан, мысалы, жаққышпен
тазалаңыз.
Оңтайлы шаң соруды қамтамасыз ету үшін ажарлау
дискісіндегі ойықтардың ажарлау пластинасының
ойықтарына сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз.
Ажарлау пластинасы (6) жабысқақ матамен
жабдықталған, осылайша ажарлау дискісін жылдам және
оңай бекітуге болады.
Оңтайлы ұстап тұруды қамтамасыз ету үшін жабысқақ
матаны ажарлау пластинасында (6) ажарлау дискісін (5)
орнатудан бұрын қағып шығарыңыз.
Электр құралы 2 ажарлау пластинасымен жабдықталған,
оларды тозу деңгейіне қарай бөлек алмастыру қажет.
u Электр құралын тек екі ажарлау пластинасы
орнатылғанда ғана пайдаланыңыз.
u Тек бірдей түйірлілікке ие ажарлау пластиналарын
пайдаланыңыз.
Ажарлау дискісін (5) ажарлау пластинасының (6) бір
шетіне қойып, ажарлау дискісін ажарлау пластинасына
орнатып, қатты басыңыз.
Ажарлау дискісін (5) алып тастау үшін оны ұшынан ұстап,
ажарлау пластинасынан (6) шығарыңыз.
Bosch дельта ажарлағышының ажарлау пластиналарын
пайдалану қажет.
Тоқымасыз/жылтыратқыш киіз сияқты ажарлау
жабдықтары да осы әдіспен ажарлау пластинасына
бекітіледі.
Ажарлау дискісін таңдау
Өңделетін материал және қажетті беттің алынуына
байланысты түрлі тегістеу дискілері ұсынылады:
Тапсырма Түйірлілік
Ағаш, бояу, толтырғыш, лак, қатты мен
жұмсақ ағаш және жоңқа плиталары мен
металл сияқты заттарды өңдеу үшін
40−180
Сүргіленбеген брус немесе
тақтайларды алдын ала ажарлау
үшін
дөрекі 40
Жалпақ ажарлау және аздаған
кедір-бүдірді ажарлау үшін
орташа 80, 120
Қатты ағашты соңғы және нәзік
ажарлау үшін
майда 180
Соңғы өңдеу немесе жылтырату үшін, әсіресе метал мен
тасты, флизелин/жылтырату киізін пайдаланыңыз.
Дайындаманы керекті бет сапасына байланысты түрлі
флизелин немесе жылтырату киіздерін пайдалануға
болады.
Ажарлау пластинасын алмастыру
Жинақтағы ажарлау пластинасы (6) екі бөліктен тұрады:
негізгі пластина мен ауыстырмалы алдыңғы пластина.
Алғы диск жабысқақ матамен жабдықталған және оны
алмастыру мүмкін. Алғы дискіні алып қою үшін ұшынан
ұстап тартып алыңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
u Электр құралыңыздың зауыттық тақтайшасында
белгіленген кернеуге ие түпнұсқа Bosch литий-
иондық аккумуляторларын ғана пайдаланыңыз.
Басқа аккумуляторларды пайдалану жарақат алуға
немесе өртке әкелуі мүмкін.
Қосқыш/өшіргіш
u Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (2) алға
қарай "I" күйіне жылжытыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (2) артқа
қарай "0" күйіне жылжытыңыз.
1 609 92A 4N7 | (04.12.2018) Bosch Power Tools
Loading ...
Loading ...
Loading ...