Karcher 1.198-674.0 VC 6 Cordless ourFamily Extra

Bedienungsanleitung - Page 58

For 1.198-674.0.

PDF File Manual, 64 pages, Read Online | Download pdf file

1.198-674.0 photo
Loading ...
Loading ...
Loading ...
Қазақша
58
ойнамайтындай етіп қадағалап тұрыңыз.
● Балалар тазалау жəне техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын тек біреудің бақылауында
орындай алады. ● Қауіпті аймақтардағы тиісті
қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз (мысалы,
жанармай құю станциялары). Құрылғыны жарылыс
қаупі бар жерлерде ешқашан пайдаланбаңыз.
● Құрылғыны тек нұсқауға сəйкес қолданыңыз.
Жергілікті жағдайларды ескеріңіз жəне құрылғымен
жұмыс істеген кезде, бөгде тұлғаларды, əсіре
се
б
алаларды қадағалаңыз. ● Бұйым ішінде электрлік
құрамдас бөлшектер бар, сондықтан оны ағынды
су астында тазалауға болмайды. ● Жарақат алу
қаупі. Шүмегі мен сору түтігін басының жанында
сормаңыз. ● Кездейсоқ қосылуын болдырмаңыз.
Құрылғыны көтеру немесе тасымалдау алдында,
аккумулятор жинағын қоспас бұрын, қосу/өшіру
қосқышы өшірілген күйде екеніне көз жеткізіңіз.
● Құрылғыны сы
ртт
а немесе автомобиль ішінде
зарядтауға немесе сақтауға тыйым салынады.
АБАЙЛАҢЫЗ ● Қорғаныс құрылғысы
сіздің қауіпсіздігіңізге арналған. Қорғаныс
құрылғысын ешқашан өзгертпеңіз немесе
ажыратпаңыз. ● Алдында құлап түскен, зақым
белгілері бар немесе ағатын жерлері бар бұйымды
қолдануға болмайды. ● Құрылғыны жұмыс істеп
тұрғанда қараусыз қалдырмаңыз. ● Құрылғыны
тек сипаттамаға жəне суретке сай пайдаланыңыз
немесе сақтаңыз. ● Жазатайым оқиғаларды
немесе жарақаттануды болдырмас үшін, көлік
қ
ұ
ралының салмағына назар аударыңыз. ● Құрылғы
түсіп кеткен кезде зақымдану жəне жарақат алу
қаупі бар. Құрылғымен əрбір жұмыс істеген кезде
оның тұрақтылығын қамтамасыз ету керек.
● Құрылғыға ешқандай өзгерістер енгізбеңіз жəне
тек қана өндіруші ұсынатын құрал-жабдықтар мен
қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз. ● Кең киім
,
шаш немесе зергерлік бұйымдар құрылғының
қозғалмалы бөліктеріне түске
н жағдайда жарақат
алу қаупі бар. Киім мен зергерлік бұйымдарды
машинаның қозғалмалы бөліктерінен алыс
ұстаңыз. Ұзын шашты буып қойыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ ● Құрылғыны 0 °C-
тан төмен температурада қолданбаңыз.
● Ешқашан сүзгісіз шаң сормаңыз, құрылғы
зақымдалуы мүмкін. ● Құрылғыны тек бөлме ішінде
пайдаланыңыз.
Зарядтау құрылғысының қауіпсіздік
нұсқаулары
ҚАУІП ● Ешқашан қуат ашасы мен электр
розеткасын ылғалды қолмен ұстамаңыз.
● Жарылыс қаупі. Қайта зарядталмайтын
батареяларды зарядтамаңыз. ● Зарядтау
құрылғысын жарылғыш ортада қолданбаңыз.
● Бұйымның зарядтау ұясына ешқашан ток
өткізгіш заттарды, мысалы, гайка бұрауыш жəне
т.с.с. бұйымдарды салмаңыз.
ЕСКЕРТУ ● Бұйымды тек жеткізілім
жинағына кіретін түпнұсқа зарядтағыш
құрылғымен немесе KÄRCHER компаниясы рұқсат
еткен зарядтағыш құрылғымен зарядтаңыз.
● Қуат сымын жылудан, үшкір шеттен, майдан
жəне құрылғының қозғалатын бөліктерінен
қорғаңыз. ● Зарядтау құрылғысын ашпаңыз.
Жөндеу жұмыстары тек білікті қызметкерлермен
орындалады. ● Зарядтағыш құрылғыны тек
рұқсат етілген аккумуляторларды зарядтау үшін
қолданыңыз. ● Зақым тиген зарядтағыш
құрылғыны зарядтау кабелімен бірге түпнұсқа
қосалқы бөлшекпен дереу алмастырыңыз.
● Бұйым ішінде электрлік құрамдас бөлшектер
бар, сондықтан оны ағынды су астында тазалауға
болмайды. ● Аккумулятор жинағын 24 сағаттан
артық үздіксіз зарядтауға тыйым салынады.
АБАЙЛАҢЫЗ ● Зарядтағышты дымқыл
немесе кір күйінде қолданбаңыз. ● Зарядтау
құрылғысының желдету саңылауларын бос
ұстаңыз. ● Ашаны розеткадан қуат беру сымынан
тартып шығармаңыз. ● Құрылғыны қуат сымы
арқылы алып жүрмеңіз/тасымалдамаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ ● Қысқа тұйықталу
қаупі. Аккумулятор ұстағышының контактілерін
металл бөлшектерден қорғаңыз. ● Зарядтағыш
құрылғыны тек құрғақ жерде қолданып сақтаңыз.
Нұсқау ● Қай зарядтау құрылғысы/адаптер
түрін пайдалану қажеттігі туралы мəліметтер
берілген зарядтау құрылғысының фирмалық
тақтайшасында жəне/немесе құрылғының
пайдалану бойынша нұсқаулығындағы техникалық
деректерде берілген.
Зарядтау құрылғысындағы белгілері
(Зарядтау құрылғысына байланысты)
Аккумуляторға / аккумулятор жинағына
арналған қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулар
ҚАУІП
Аккумулятор жинағын ықтимал жарылғыш
ортада зарядтамаңыз.
Аккумуляторларды отқа немесе үй қоқысына
тастамаңыз.
Ақаулы аккумулятордан аққан сұйықтықпен
жанасуға жол бермеңіз. Сұйықтық тиген
жағдайда бірден сумен шайып қойыңыз да, көзге
тиген жағдайда дəрігерге де қаралыңыз.
Жарылыс қаупі. Қайта зарядталмайтын
батареяларды зарядтамаңыз.
ЕСКЕРТУ
Аккумулятор жинағы кернеуінің
пайдаланылатын құрылғының фирмалық
тақтайшасындағы мəліметке сəйкес
келетіндігін тексеріңіз.
Əр пайдалану алдында аккумулятор жинағында
зақымдардың бар-жоғын тексеріңіз.
Зақымдалған аккумулятор жинақтарын
пайдаланбаңыз.
Зақымдалған аккумулятор жинақтарын
зарядтауға болмайды.
Құрылғыны ылғалдан қорғаңыз.
Құрылғыны құрғақ жерде сақтаңыз.
Құрылғыны жаңбырға ұшыратпаңыз.
Құрылғы үйде қолдану үшін ғана
жарамды.
Құрылғыда кіріктірілген сақтандырғыш
бар. Ампер б
ойынша мə
н (X) тиісті
зарядтау құрылғысында орналасқан.
Құрылғы II класты қорғау талаптарына
жауап береді.
Loading ...
Loading ...
Loading ...