Bosch 0.600.8C1.E70 Grass Trimmer UniversalGrassCut 18-26 (1 battery, 18 Volt System, cutting diameter: 26cm, adjustable handles, in carton packaging)

User Manual - Page 294

For 0.600.8C1.E70.

PDF File Manual, 470 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
294 | Қазақ
Тұтқаның (3) дұрыс жабылып қойылғанына көз
жеткізіңіз. Тұтқаны реттеу барысында (3)оның үстінен
басып тұрмаңыз.
Дөңгелекті орнату (F суретін қараңыз)
Дөңгелекті (6) триммер бастиегінде орнатыңыз. Триммер
бастиегіндегі тілдердің дұрыс позицияда тұрғандарына
көз жеткізіңіз. Ілмегі науашаға дұрыс ілінісіп тұрғанына
назар аударыңыз. Дөңгелекті (6) тұтқа (11) “сарт” етіп
естілетін дыбыспен толығымен енгізілгенше дейін
бастиекте бұрып отырыңыз.
Дөңгелекті шығару үшін алдымен тұтқаны (11)
ажыратылуынша дейін тартып, дөңгелекті (6) кері
бағытпен шығарып алыңыз.
Іске қосу
u Назар аударыңыз: Электрбұйымды тазалау және
реттеу жұмыстарын өткізу алдынан алдымен
электр бұйымды өшіріп, аккумуляторын шығарып
алыңыз.
Аккумуляторды қуаттандыру
u Желі кернеуіне назар аударыңыз! Тоқ көзінің
кернеуі қуаттандыру құралының зауыттық
тақташасындағы мәндеріне сай болуы тиіс.
Аккумулятор, температура деңгейінің тек 0°C мен 35°C
арасында ғана қуаттандыруды мүмкін ететін температура
бақылаушы жүйесімен жабдықталған. Осының
арқысында аккумулятордың жұмыс уақыты ұзақ болуы
қамтамасыз етіледі.
Нұсқау: Құрал сатылып не жеткізіліп берілген кезде оның
аккумуляторы жартылай қуаттандырылған қалыпта
болады. Аккумулятор жұмысының толық көлемін
қамтамасыз ету үшін оны алғашқы рет пайдалану
алдынан алдымен толығымен қуаттандырып алыңыз.
Литий-иондық аккумуляторды әрқашан қуаттандырып
отыруға болады, бұл оның пайдалану мерзімін ешбір
түрде қысқартпайды. Қуаттандыру барысын үзу
аккумулятордың зақымдануына апармайды.
Литий иондық аккумулятор “Electronic Cell Protection
(ECP)” жүйесі арқылы терең қуатсызданудан қорғалған.
Аккумулятор толығымен қуатсызданып қалған жағдайда
құрал қорғау жүйесі арқылы өшіріліп қойылады: Бақ
электрбұйымы жұмыс істемей тұр.
Құралдың автоматты түрде өшірілгенінен кейін
қосқыш/өшіргіш түймешігін қайта баспаңыз. Бұл
аккумулятордың зақымдауына апаруы мүмкін.
Аккумуляторды кәдеге жарату туралы нұсқауларын
ескеріңіз.
Аккумуляторды енгізу / шығару (G суретін
қараңыз)
Нұсқау: Лайықты болмаған аккумуляторларды қолдану
құралдың дұрыс істемеуіне немесе зақымдануына апара
алады.
Қуаттандырылған аккумуляторды (2) енгізіңіз.
Аккумулятордың толығымен енгізіліп қойылғанын
тексеріңіз.
Аккумуляторды (2) құралдан шығарып алу үшін,
аккумуляторды бұғаттан шығару түймешігін (1) басып,
аккумуляторды шығарып алыңыз.
Қуаттандыру барысы
Қуаттандыру барысы құралдың желі айыры электр
розеткасына енгізіліп, аккумуляор (2) қуаттандыру
құралына (12) енгізілген сәтте басталады.
“Ақылды” қуаттандыру әдісі арқасында аккумулятордың
қуаттандыру күйі автоматты түрде белгіленіп отырып,
аккумулятор температурасы мен кернеуіне қарай отыра
оңтайлы түрде қуаттандыру тоғы таңдалып отырылады.
Осының арқасында аккумулятор қорғалып, қуаттандыру
құралында сақталғанда әрқашан толығымен қуаттанған
қалпында қала береді.
Көрсеткіш элементтерінің (AL1810)
мағынасы
Аккумулятор заряды индикаторының жыпылықтауы
Зарядтау процесі аккумулятор заряды
индикаторының жыпылықтауы арқылы
белгіленеді.
Аккумулятор заряды индикаторының үздіксіз жануы
Аккумулятор заряды индикаторының
үздіксіз жануы аккумулятордың толық
зарядталғанын немесе аккумулятор
температурасы рұқсат етілген зарядтау
температурасының диапазонынан тыс және сондықтан
аккумуляторды зарядтау мүмкін емес екендігін білдіреді.
Рұқсат етілген температура диапазонына жеткеннен кейін
аккумулятор зарядталады.
Аккумулятор салынбаған жағдайда, аккумулятор заряды
индикаторының үздіксіз жануы желілік ашаның
розеткаға енгізілгенін және зарядтағыш құрылғының
жұмыс істеуге дайын екендігін білдіреді.
Көрсеткіш элементтерінің (AL1830CV)
мағынасы
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің жасыл
түспен (тез) жыпықтап тұруы
Жылдам қуаттандыру барысы
аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің
жасыл түспен тез жыпықтап тұруы арқылы білдіріледі.
Ескертпе: Жылдам қуаттандыру функциясы тек
аккумулятор температурасының лайықты ұйғарынды
деңгейде болғанында ғана қолданыла алынады,
“Техникалық мәліметтер” тарауын қараңыз.
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің жасыл
түспен (баяу) жыпықтап тұруы
Аккумулятордың қуаттандыру күйі шамамен
80% жеткенде, аккумулятордың
F 016 L94 189 | (05.08.2021) Bosch Power Tools
Loading ...
Loading ...
Loading ...