Candy FET929NXL JV Ovens

User Manual - Page 18

For FET929NXL JV.

PDF File Manual, 24 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
5. ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
COOK LIGHT" функциясы сізге тоңмай мен май мүмкіндігінше аз пайдаланылатын денсаулыққа
анағұрлым пайдалы тəсілмен тамақ пісіруге мүмкіндік береді. Грильдің жəне ауаны лүпілдік
жіберетін конвектор желдеткішінің ұштастығын пайдаланудың арқасында, өнімдерде
ылғалдылық сақталып, дайындаудың қысқа уақыты кезіндее тағамның дəмі үшін нұқсансыз
қабықша түзіледі. Бұл функция əсіресе ет пісіру, грильде көкөніс пен омлеттер қақтау үшін жақсы.
Ауаны лүпілдік жіберетін цикл духовканың ішіндегі ылғалдылықты жəне өнімдердегі ылғал
құрамын сақтап, тағамның нəрлілік құндылығының сақталуы мен дайындау үдерісінің
жылдамдығын қамтамасыз етеді. Өзіңіздің барлық рецепттеріңізді майлар мен тұздықтардың
өзіңіз əдетте пайдаланатыннан азырақ көлемін қолданумен дайындап көріңіз жəне осы жаңа
режимнің оңайлығын сынаңыз.
Функцияның
белгісі
Белгіленген
жəне
орнатылған Т °С
Электронды
бағдарламаушысы
бар моделі
(Type А)
Т °С орнату
Термостаты
бар моделі
Модельге сəйкес фунциялар
Жарықтануды қосады
Еріту. Бұл режим орнатылған кезде мұздалған өнімдердің сапасына зиян келтірмей олардың
құрамын өзгертпей бірнеше минуттың ішінде еріту мақсатында бөлмелік температурада
вентилятор іштегі ауаны айналдырады.
Спринтер. Бұл режим алдын ала қыздыру үрдісін жылдамдатады. Оны орнатқан соң духовка
бірден қыза бастайды (мысалы 200° С температураға қол жеткізу үшін бары-жоғы 8 минут қана
қажет). Қажетті температураны температураны реттеуіш түймешігі арқылы орнатуға болады.
0
Алдын ала қыздыру уақытының аяқталғанын басқару панеліндегі « С» белгісі көрсетеді. «С»
бақылау шамы өшкенде алдын ала қыздыру айналымы аяқталады, осыдан кейін дайындау
режимін таңдауға болады. Алдын ала қыздыру үрдісі аяқталмағанша тағамды дайындауға
қоймаған жөн, əйтпесе оның дəмін бұзып алуыңыз мүмкін.
Қалыпты режим
Жоғарғы жəне төменгі қыздыру бөлшектері қолданылады. Алды ала духовканы қыздырыңыз,
шамамен 10 минуттай уақыт. Режим дəстүрлі қуыру жəне пісіру үшін өте тиімді. Сиыр еті, бұзау
еті жəне шошқа етін қуырғанға, ростбиф, қойдың аяғын, жабайы құс етін, нан, фольгаға оралған
тағамдарды, қаптама қамырдан жасалған тағамдарды дайындағанға өте қолайлы. Тағамды
духовканың ішіне ортаңғы деңгейіне қойыңыз.
Конвекциямен дайындау (а)
Біз сізге осы режимді тауықты, əртүрлі тоқаштарды жəне көкөністерді əзірлегенде қолдануға
ұсыныс береміз. Ыстықтың жақсы көтерілуіне байланысты, алдын ала қыздыру жəне
дайындау уақытын да азайтады. Бірден əртүрлі тағамдарды əр деңгейде дайындауға, алдын
ала қыздырумен немес қыздырусыз болады. Бұл режим ыстықты түрлендіреді сондықтан
иістер араласпайды. Бір уақытта бірнеше тағамды дайындағанда уақытты 10 минут артық
қосқаныңыз жөн.
Soft cook (а)
Бұл функция кондитерлік өнімдерді жəне нан пісіруге арналған. Конвекцияның төмен
жылдамдығына байланысты духовканың ішіндегі ылғалдық артады. Ылғалдықтың жоғары
болуы иленгіш сұйықтықтағы тағамдарды дайындау үшін өте ыңғайлы жағдай туғызады
(мысалы, бəліштер, нан, печенье) жəне олар ойылмай піседі.
Конвекция + төменгі қыздыру элементі (а)
Төменгі қыздыру элементі конвекциямен бірге қолданылады, ол духовканың ішіндегі ауаның
айналымын қамтамасыз етеді. Бұл режим қаптама қамырдан жасалған тағамдар, тарталет
жəне паштеттер əзірлеуге өте ыңғайлы. Кеуіп кетуден сақтайды жəне бəліш, нан жəне басқа да
төменгі деңгейде əзірленетін тағамдардың көтерілуіне ықпал жасайды. Тағамды төменгі
деңгейге орналастырыңыз.
Гриль: гриль режимін қолданғанда есік жабық күйінде болуы қажет.
Тек жоғарғы қыздыру элементі қолданылады жəне температураны реттеуге болады. Қып-қызыл
ыстық қалыпқа қол жеткізу үшін алдын ала қыздыруға 5 минут жеткілікті. Люля-кебаб, гриль
жəне тағы басқа тағамдарды дайындағанға жақсы. Ақ етті грильден алшағырақ орналастырған
жөн: дайындау уақыты ұзағырақ болады, алайда тағам өте дəмді болады. Қызыл ет пен балық
етін əзірлегенде шілтерге тұғырықты кигізген жөн, онда шырынның жиналуы үшін.
Супер гриль: духовкада гриль əзірлеу екі режимі қарастырылған
Гриль: 2200 Вт Гриль СУПЕР: 3000 Вт
Конвекциялы гриль: конвекциялы грил режимін қолданғанда есік жабық күйінде болуы
қажет.
Жоғарғы қыздыру элементі конвекциямен бірге қолданылады, ол духовканың ішіндегі ауаның
айналымын қамтамасыз етеді. Қызыл етті дайындау алдын ала қыздыруды талап етеді, ал ақ
етті дайындағанда оның қажеті жоқ. Бұл режим қалың ет тілімдерін, тұтас етті, қуырылған
торай мен тауық секілді жəне тағы басқа тағамдарды əзірлеуге өте ыңғайлы. Орта деңгейге
орнатылған шілтердің ортасына тағамды орналастырыңыз. Шырынды жинау үшін шілтерге
тұғырықты кигізіңіз. Тағам грильге өте жақын орналаспағанына көз жеткізіңіз. Белгіленген
уақыттың жартысына келгенде тағамды аударыңыз.
50 істік: істік режимін қолданғанда духовканың есігі жабық болуы тиіс.
Бұл режимде жоғарғы қыздыру элементі қолданылады. Қыздыру температурасы талапқа сай
реттеледі. Істік режимін орта көлемді тағамдарды дайындағанда қолданған жөн. Бұл режим
дəстүрлі əдісте қуырылған еттің дəмін ерекшелегенге өте ыңғайлы. Істік режимінде тағам
дайындауда алдын ала қыздыруды қажет етпейді.
Пицца режимі
Бұл режимде ауа духовканың ішінде жақсы алмасады, сондықтан пицца немесе итальяндық
бəліш фокачча сияқты тағамдарды əзірлегенде керемет нəтижеге қол жеткізесіз.
* CENELEC EN 60350-1 сəйкес сынақтан өткен
** CENELEC EN 60350-1 сəйкес электржарығын қанша мөлшерде қолданатынын анықтауға байланысты сынақтан өткен
(а) кейбір модельдерде: конвекция жылдамдығын өзгертуге арналған «Vario Fan» режимі Candy-дің ерекше өңделген жобасы болып табылады, бұл
дайындау нəтижесін жақсарту үшін жəне температура мен ылғалдықты реттеу үшін жасалған. «Vario Fan» - ол өз бетімен қосылатын жүйе, сəйкес режимді
таңдағанда ол конвекцияның жылдамдығын автоматты түрде өзгертеді: бұл функция басқару панелінің көрінетін жерінде орналасқан.
18 KZ
Loading ...
Loading ...
Loading ...