Candy FET929NXL JV Ovens

User Manual - Page 15

For FET929NXL JV.

PDF File Manual, 24 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
2.4 AQUACTIVA ФУНКЦИЯСЫ
Aquactiva функциясы духовкада тамақ дайындағаннан кейін
қалған май қыртыстары мен тамақ қалдықтарын тазалауда
булану əдісін қолданады.
1. Духовка пештің түбінде орналасқан арнайы Aquactiva
қуысына 300 мл су құйыңыз.
2. Статикалық режимді ( ) немесе төменгі қызу ( )
режимін орнатыңыз.
3. Температура реттеуішін Aquactiva режиміне орнатыңыз
4. Бағдарламаны 30 минутқа қосып қойыңыз.
5. 30 минут өткен соң бағдарламаны өшіріңіз де духовканың
сууына мүмкіндік беріңіз.
6. Духовка суыған соң камераның ішкі бетін жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
ЕСКЕРТУ:
Оған қол тигізерден бұрын, аспаптың сууғанына көз
жеткізіңіз.Қолыңызды күйдіріп алмау мақсатында ыстық
жерлерді тазалағанда абай болыңыз. Тазартылған немесе
ауыз суды ғана қолданыңыз.
2.5 КҮТІМ ЖƏНЕ ТАЗАЛАУ
- Аспапты тазалуға кірісерден бұрын, суығанша күту қажет.
- Тазалау барысында эмальды жəне темір қаптамаға зақым
келтіретін қатқыл жуу заттарын, темір жуғышты немесе өткір
заттарды қолдануға болмайды.
- Құрамында аммиагы бар жуу заттарын немесе сабынды
қоспаны қолданыңыз.
ДУХОВКА – əрбір қолданыстан кейін духовканы тазалаған жөн.
Тамақты əзірлеу барысында духовканың қабырғаларына май
жабысады. Келесі қолданған кезде май қалдықтары жаман иіс
беруі немесе тамақтың сапасына əсер етуі мүмкін. Тазалау
үшін су мен жуғыш заттарды қолданыңыз жəне де таза сумен
мұқият шайыңыз.
ШЫНЫ БӨЛШЕКТЕРІ
Əрбір қолданыстан кейін есіктің əйнегін қағаз сүлгімен
жақсылап сүртіңіз. Егер əйнекте майдың үлкен дақтары қалып
қойса, онда оны жұмсақ ысқышпен немесе жуғыш заттармен
тазалағаныңыз жөн. Таза сумен жақсылап шайыңыз жəне
құрғата сүртіңіз. Қатқыл жəне өткір заттарды қолдануға
болмайды. Есіктің қаптамасын ысқышпен, жуғыш заттармен
тазалаған жөн.
ҚОСАЛҚЫ ЖАБДЫҚТАР
Сабынды қоспада малынған ысқышпен тазалаған жөн, сонан
соң таза сумен мұқият шайып, құрғата сүртіңіз.
ТҰҒЫРЫҚ
Гриль дайындап болған соң тұғырықты духовкадан шығарыңыз.
Оның ішіндегі қалған затты қандай да бір ыдысқа құйыңыз,
ыстық суда жəне жуғыш затпен ысқыштың көмегімен жуып
тазалаңыз, соңында таза сумен мұқият шайып, құрғата сүртіңіз.
Күйіп кеткен тағам қалдықтарынан тұғырықты тазарту үшін оған
жуғыш зат салып суға малып қойыңыз. Тұғырықты ыдыс жуу
машинасымен немесе сатылымдағы басқа да аспаптармен
жууға болады. Ешқашанда тұғырықты лас күйінде духовкада
қалдырмаңыз.
ДУХОВКАНЫҢ ЖАРЫҚТАНУЫ
Əрбір тазарту немесе шамды ауыстыру жұмысында розеткадан
ашаны суырыңыз. Шам немесе оның сыртқы қаптамасы
жоғары температураға шыдамды материалдан жасалған.
Шамның техникалық сипаттамасы:
230В ~ - 25Вт – цоколь Е 14 – температура 300°С
Егер бұзылған шамды ауыстыру қажеттілігі туындаса, онда
əйнек қақпақты шешіп, шамды бұрап, оны баламалы жаңа
шаммен айырбастаңыз жəне əйнекті қақпақты қайта орнына
бекітіңіз.
2.6 СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Қызмет көрсету орталығына хабарласудан бұрын.
Егер духовка бұзылған жағдайда, Сізге ұсынамыз:
- аша қорек көзіне дұрыс орнатылғандығына көз жеткізіңіз;
Егер ахаудың себебін таппасаңыз :Аспапты өшіріңіз, өзіңіз
жөндеу əрекетін қолданбаңыз, одан да арнайы қызмет көрсету
орталығымен хабарласыңыз. Арнайы қызмет орталығымен
хабарласқан кезде, əлбетте сіз оларға аспаптың моделі мен
сериялық нөмірін айтуыңыз қажет, оны сіз кепілдеме қағазынан
немесе заттаңба кестесінен таба аласыз.
Аспапты сатып алғанда, оған кепілдеме қағазы қоса беріледі,
осы кепілдік мерзімі ішінде арнайы қызмет көрсету
орталығында аспап тегін жөнделеді.
Сериялық нөмір 16 саннан тұрады. Алғашқы 8 сан модельдің
коды. Кейінгі 4 өнімнің шығу мерзімі (жыл, апта). Соңғы 4 сан
зауыттық нөмір.
15 KZ
2. ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
2.1. СӨРЕЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ
Духовка сөрелердің қауіпсіздік
жүйесімен жабдықталған. Олар
тамақты тексеру мақсатында
сөрелерді тайғанап кету тəуекелінсіз
қозғалтуға мүмкіндік береді немесе
сөрелердің кездейсоқ құлауынан
сақтайды. Сөрені толығымен шығару
үшін оны өзіңізге тартып, жоғары
көтеріңіз
2.2. ГРИЛЬДЕ ДАЙЫНДАУ
Грильді қолдану арқылы тез арада қызғылт қабықшалы
тағамды əзірлеуге болады. Тағамның көлеміне байланысты
тез қызарту үшін шілтерді төртінші деңгейге орнатқан жөн (19
бетті қараңыз). Ет орамасы мен майсыз жабайы құс етінен
басқа барлық тағамды грильде дайындауға болады.
Ет пен балықты грилде дайындардан алдын оларды
майлаған жөн.
барлық духовкалар функциясымен
жабдықталған. Осының арқасында ылғал мен
температураны үйлестіруге болады. Бұл 50℅ ылғалдықты
жоғалтудан сақтайды, ал ол өз кезегінде тағамға керемет
жұмсақтық əрі дəм береді. Бұл дайындау əдісі нан жəне
кондитерлік өнімдерді пісіру үшін ыңғайлы.
модельдері электронды жылдамдықты басқару
конвекциясымен жабдықталған, патенттік атауы Vario Fan.
Тағамды дайындау барысында бұл жүйе ауа қысымын жəне
духовканың ішкі температурасын жүйелеу үшін автоматты
түрде жылдамдық конвекциясын өзгертіп отырады.
2.3. модельдері
Духовканы алдын-ала қыздыру уақытын азайтады:
Цельсия бойынша 200 градус бары жоғы 8 минутта
жетеді.
Гриль қуырғанда деңгей мен қарқынды орнатуды
мүмкін етеді, қолданыстағы көпжүйелі духовкаларға
қарағанда аталмыш аспап 50℅ қуатты.
Кейбір духовкалар жаңа құрылымды əйнегі үлкен болып
келетін есікпен WIDE DOOR, жабдықталған, яғни бұл
духовканы тиімді күтуге мүмкіндік береді жəне
термоизоляциямен қамтамасыз етеді.
300 ml
Loading ...
Loading ...
Loading ...