Hotpoint CM 9945 HA BUILT-IN COFFEE MACHINE

User Manual - Page 265

For CM 9945 HA.

PDF File Manual, 312 pages, Read Online | Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
265
Есіңізде болсын:
Капучино демдегенде, көпіршітілген сүт немесе кофе ағысын түймесін (B10) басып,
тоқтатуға болады.
Сүт көпіршіткішті таза ұстау үшін, капучино әзірлеген сайын сүт ыдысының қақпағының
түтікшелерін әрқашан тазалап отырыңыз. ТАЗАЛАУ ТҮЙМЕСІН БАСЫҢЫЗ хабары
көрсетіледі:
- сүт шүмегінің астына ыдыс қойыңыз (25-сурет);
- тазалау үрдісін қосу үшін, сүт контейнерінің қақпағындағы ТАЗАЛАУ түймесін (C3 кем
дегенде 8 секундтай басып ұстап тұрыңыз (25-сурет). Астындағы хабар жолағынан
ТАЗАЛАНУДА... хабары көрсетіледі. Жолақтан хабар жоғалып, тазалау аяқталғанша
ТАЗАЛАУ түймесін босатпаңыз. Тазалау айналымы ТАЗАЛАУ түймесі босатылғанда
тоқтайды. Тазалау аяқталғанда сүт контейнерін алып, тоңазытқышқа қойыңыз. Сүтті
тоңазытқыштан алған соң, 15 минут аралығында қолданған дұрыс.
Шыныға автоматты түрде ағатын кофе немесе көпіршітілген сүт мөлшерін өзгерткіңіз
келсе, КАПУЧИНО ҮШІН СҮТ ЖӘНЕ КОФЕ МӨЛШЕРІН ӨЗГЕРТУ тарауындағы
нұсқауларды орындаңыз.
Капучино үшін сүт және кофе мөлшерін өзгерту
Құрылғы зауытта алдын ала келесі стандартты капучино мөлшеріне реттелген: Оны өзгерту
үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
Сүт ыдысына көрсетілген сызығынан асырмай сүт толтырыңыз.
түймесін (B10) басып ұстап тұрыңыз, дисплейден КАПУЧИНО ҮШІН СҮТ МӨЛШЕРІН
ТАҢДАҢЫЗ хабары көрсетіледі. Машинадан сүт ағып тұрады.
Оны тоқтату үшін (B10) қайта басып, енді қажетті сүт мөлшерін таңдаңыз.
Бірнеше секундтан кейін кофе аға бастайды және КАПУЧИНО ҮШІН КОФЕ МӨЛШЕРІН
ТАҢДАҢЫЗ. хабары көрсетіледі.
Оны тоқтату үшін түймесін (B10) қайта басып, енді қажетті кофе мөлшерін таңдаңыз.
Машинаның жаңа параметрлері бағдарламаланды және машина қолдануға дайын.
Мәзір параметрлерін өзгерту және орнату
Машина қолдануға әзір болғанда, мәзірді ашып, келесі параметрлер мен функцияларды өзгертуіңізге болады:
ШАЮ
САҒАТ ОРНАТУ
ТІЛ
•AВТО БАСТАУ
ӘК КЕТІРУ
КОФЕ ТЕМПЕРАТУРАСЫ
•AВТО ӨШІРУ
СУ ҚАТТЫЛЫҒЫ
ӘДЕПКІ ПАРАМЕТРЛЕРІН ҚАЙТАРУ
ҚУАТ ҮНЕМДЕУ
СТАТИСТИКА
ДЫБЫС БЕЛГІСІН ОРНАТУ
ШЫҒУ
Loading ...
Loading ...
Loading ...