Hotpoint CM 9945 HA BUILT-IN COFFEE MACHINE

User Manual - Page 256

For CM 9945 HA.

PDF File Manual, 312 pages, Read Online | Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Өте маңызды қауіпсіздік ескертулері
Бұл құрылғы тек қана үйде қолдануға арналған.
Бұл құрылғыны келесі орындарда қолдануға болмайды:
- дүкендер, офистер мен басқа жұмыс орындарындағы ас үйлер
- туристік мекемелер
- қонақ үйлер, мотельдер және басқа қонақ үй түрлері
- жалға алған бөлме
Бұл электрлік құрылғы; келесі қауіпсіздік ескертулерін орындаңыз:
- құрылғыны су қолмен ұстауға болмайды;
- қуат ашасын су қолмен ұстауға болмайды;
- қолданылатын розетка қажет болғанда суыру оңай болу үшін әрқашан жылдам қол жететін жерде
орналасуы тиіс;
- құрылғы бұзылып қалған жағдайда, өзіңіз жөндеуге әрекеттенбеңіз. Құрылғыны өшіріп (A23), қуат
көзінен суырып, тұтынушыға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Орам материалдарын (пластик дорбалар, полистерол) балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
Бұл құралды, егер жанында қолдану нұсқауларын қадағалайтын, олардың қауіпсіздігіне жауап беретін
адам болмаса, физикалық немесе есту-көру қабілеттері шектелген (балаларды қоса), тәжірибесі және
білімі жеткіліксіз адамдардарға қолдануға болмайды. Балаларға бұл құрылғымен ойнауғы болмайынын
қатаң ескерту қажет.
Күйіп қалу қаупі! Бұл құрылғыда су қайнатылады және жұмысы кезінде бу шығарылуы мүмкін. Ыстық
су шашырау немесе ыстық буға күйіп қалу қаупін абайлаңыз. Арнаулы ұстағыштары мен тұтқаларын
қолданыңыз.
Корпусынан бөлек тұрған кофе машинаға сүйенуге болмайды. Машинаның үстіне сұйықтығы бар
немесе жалындағыш заттарды немесе құрамында улы заттар бар материалдарды қоймаңыз. Кофе
жасауға қажетті жабдықтарды арнаулы бөліміне салып қойыңыз (мысалы, қалақша). Құрылғының
үстіне тұрақсыз заттарды немесе қозғалысына кедергі жасайтын үлкен заттарды қоймаңыз.
Корпусынан алынған машинаны қолданбаңыз: машинаны аларда алдымен өшірілуін қадалаңыз. Бұл
ережеге қатысты ерекше жағдай - кофе ұнтақтағышты бейімдеу болып табылады, ол үшін машинаны
корпусынан шығару қажет болады (КОФЕ ҰНТАҚТАҒЫШТЫ БЕЙІМДЕУ тарауын қараңыз).
Есіңізде болсын: тек қана түпнұсқа жабдықтарды немесе өндіруші ұсынған жабдықтарды ғана
қолданыңыз.
Мақсатты қолданысы
Бұл құрылғы кофе демдеуге және су қайнатуға арналып жасалған.
Басқа қолданыс түрлері теріс болып табылады.
Бұл құрылғы коммерциялық қолданысқа жарамсыз. Өндіруші құрылғыны мақсатынан тыс қолдану
салдарынан болған бұзылу немесе жарақат алу жағдайларына жауапты емес.
Егер пештің артқы желдеткіші болған жағдайда, бұл құрылғыны орнатылған пеш үстіне орналастыруға
рұқсат беріледі (максималды қуат күші 3 кВт).
Қолдану нұсқаулары
Құрылғыны пайдалануға дейін осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Бұл нұсқаулықты қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Нұсқауларды орындамау жарақат алу немесе құрылғының бұзылу жағдайларына себеп болуы мүмкін.
Өндіруші осы нұсқауларды орындамау салдарынан болған бұзылу немесе жарақат алу жағдайларына
жауапты емес.
Есіңізде болсын: құрылғының желдеткіші бар. Машина кофе, бу немесе ыстық су өндіргенде желдеткіш
қосылады. Бірнеше минуттан кейін өздігінен қайта өшеді.
256
ЕСКЕРТУ:
Loading ...
Loading ...
Loading ...