Hotpoint CM 9945 HA BUILT-IN COFFEE MACHINE

User Manual - Page 255

For CM 9945 HA.

PDF File Manual, 312 pages, Read Online | Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
255
Бұл құралды, егер жанында қолдану нұсқауларын қадағалайтын, олардың
қауіпсіздігіне жауап беретін адам болмаса, физикалық немесе есту-көру
қабілеттері шектелген (балаларды қоса), тәжірибесі және білімі жеткіліксіз
адамдарға қолдануға болмайды. Балаларға бұл өніммен ойнауға
болмайтынын түсіндіріп айту керек.
Тазалау және жөндеу жұмыстарын, егер жанында жетекшілік ететін ересек
адам болмаса, балаларға орындауға болмайды.
Құралды ешқашан суға салмаңыз.
Бұл құрылғы тек қана үйде қолдануға арналған. Бұл құрылғыны келесі
жерлерде қолдануға болмайды: дүкендер, офистер мен басқа жұмыс
орындарындағы ас үйлер; фермалар; қонақ үйлер, мотельдер мен басқа
резиденттік орталар; түнеу және таңертеңгі ас ұсынатын қонақ үйлерде.
Егер қуат ашасы немесе қуат сымы бүлінсе, қауіп-қатер алдын алу үшін, оны
тек қана тұтынушыға қызмет көрсететін арнаулы орындар ауыстыруы тиіс.
Тек қана еуропалық нарық үшін:
Бұл құралды, егер жанында бақылайтын ересектер болса немесе құралды
қауіпсіз қолдану нұсқаулары беріліп, қауіп мүмкіндігі бар екенін қажетті
дәрежеде түсінген жағдайда, 8 жастан жоғары балаларға қолдануға болады.
Тазалау және күту жұмыстарын, егер жанында бақылайтын ересектер
болмаса, 8 жастан төмен балаларға тапсыруға болмайды. Құралды және оның
оның қуат сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
Бұл құралды физикалық немесе есту-көру қабілеттері шектелген немесе
тәжірибесі және білімі жеткіліксіз адамдарға, егер оларға қолдану нұсқаулары
берілмесе және олар қауіп мүмкіндігі бар екенін түсінбесе, қолдануға
болмайды.
Балаларға бұл құралмен ойнауға болмайды.
Қолданылмаған кезде және тазалау алдында, әрқашан қуат көзінен суырыңыз.
Бұл белгісі бар аймақтар қолданыс кезінде қатты ысып кетеді:
(белгі кейбір үлгілерде ғана көрсетілген).
Өзіңіздің және басқалардың қауіпсіздігі өте маңызды
Осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген нұсқауларды орындамау ток соғу, қатты жарақат алу, күйіп
қалу, өрт немесе құрылғыға залал келу жағдайларына себеп болуы мүмкін.
Маңызды ескертулердің жанынан келесі белгілер көрсетіледі.
Бұл - қауіп таңбасы, пайдаланушылардың өздері мен басқаларға төнетін потенциалды қауіп-
қатер туралы ескертеді.
Барлық қауіпсіздік ескертулерінің алдында қауіп белгісі мен келесі шарттар беріледі:
Алдын алмаса қатты жарақатқа себеп болатын қауіп-қатерді
білдіреді.
Алдын алмаса қатты жарақатқа себеп болуы мүмкін қауіп-қатерді
білдіреді.
ҚАУІП:
ЕСКЕРТУ:
Loading ...
Loading ...
Loading ...