Loading ...
Loading ...
Loading ...
36
Сақтау
Табиғи йогурттерді тоңазытқышта сақтау уақытының ұзақтығы - 7 күннен
артық емес. Басқа йогурт түрлері үшін (жеміс, хош иістендірілген) - 5 күн.
ІРІМШІК ӘЗІРЛЕУ
Қоспаны дайындау
1 л тартылмаған сүтті алыңыз (құрам бөліктерді таңдау бөлімін қараңыз).
100 г жаңа жасалған ірімшік алыңыз.
Жақсы қоспа алу үшін шанышқының немесе бұлғағыштың көмегімен аз ғана
сүт мөлшерімен біртекті қоспа алу үшін ірімшікті араластырыңыз. Сонан соң
өнімдерді араластыра отырып, қалған сүтті қосыңыз.
Бір ас қасық лимон шырынын (НЕМЕСЕ 6 тамшы ірітетін ұйытқыны) қосып,
араластырыңыз.
Сүзу үшін сүзгішті контейнерге қойып, оның төменгі күйде орнатылғанына
көз жеткізіңіз (сүзгіш контейнер түбіне тиіп тұру керек).
Дайындалған қоспаны сүзгіш сабының деңгейінен асырмай, әзірлеу процесі
аяқталғаннан кейін іріткіні жою үшін оны «жоғары» күйге бұруға болатындай
етіп контейнерге құйыңыз.
Құралды қосу
Толтырылған контейнерді (сүзгішпен бірге) қақпақсыз құралдың негізіне
орналастырыңыз – 10-сур.
Құралдың мөлдір қақпағын жабыңыз – 11-сур.
Йогурт әзірлегішті қосыңыз - 6-сур: бейнебетте «06 сағ» уақыты жанып,
жыпылықтай бастайды -7-сур.
+ және батырмаларының көмегімен ферменттеудің қалаған уақытын
баптаңыз 8-сур.
Сәйкес батырманы басу арқылы “Ірімшік” бағдарламасын таңдаңыз - 12-сур.
«Ірімшік» әзірлеу батырмасын басқан соң Сіз таңдаған режімнің жұмыс
индикациясын растауға арналған шам жанады.
Ірімшікті әзірлеу циклі басталады.
+ және батырмаларын басу арқылы Сіз қосылған цикл кезіндегі
ферменттеудің уақытын өзгерте аласыз – 8-сур. Сіздің таңдауыңызды қайта
растап немесе құралдың жұмысын тоқтату қажет емес.
Ферменттеу уақыты
Өнім (ірімшік) мен таңдалған рецептіге қарай ферменттеу уақыты 12-ден 16
сағатқа дейін болуы мүмкін.
Жұмсақ ірімшік тығыз ірімшік
нәзік қышқыл
12сағ
13сағ 14сағ 15сағ 16сағ
Loading ...
Loading ...
Loading ...