Loading ...
Loading ...
Loading ...

Осы құралдың сүзгісін немесе басқа қосалқы құралын табу қиын болса, еліңіздегі Philips
тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз немесе дүниежүзілік кепілдік
кітапшасын қараңыз.

- HEPA сүзгілеріне FC8029 нөмірі бойынша тапсырыс беруге болады.
- Шағын сүзгілерге 4322 000 38900 қызмет нөмірі бойынша тапсырыс беруге болады.
- Сүзгі цилиндрлеріне FC8028 нөмірі бойынша тапсырыс беруге болады.

- Тозғаннан кейін құралды күнделікті үй қоқысымен бірге тастамай, арнайы қайта өңдеу
орнына өткізіңіз. Осылайша қоршаған ортаны қорғауға септігіңізді тигізіңіз (Cурет 30).

Қызмет көрсету немесе ақпарат қажет болса, не болмаса қиын мәселе болса, Philips
компаниясының www.philips.com веб торабын қараңыз немесе елдегі Philips тұтынушыларды
қолдау орталығына хабарласыңыз (телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік кітапшасынан табуға
болады). Елде тұтынушыларды қолдау орталығы болмаған жағдайда, жергілікті Philips дилеріне
хабарласыңыз.
Сақтау қорабы халықаралық кепілдікке кірмейді.

Бұл тарау құралдарда жиі пайда болатын ақаулықтарды түсіндіреді. Төмендегі ақпараттың
көмегімен ақаулықты шеше алмаған жағдайда, еліңіздегі тұтынушыларға қолдау көрсету
орталығына хабарласыңыз.
1 Сору қуаты жеткіліксіз
- Шаң контейнері толып кеткен болар.
Қажет болса, шаң контейнерін босатыңыз.
- Сүзгіні тазалау немесе ауыстыру қажет болар.
Қажет болса, сүзгілерді тазалаңыз немесе ауыстырыңыз.
- Тұтқадағы сору қуатының сырғытпасы ашық қалған болар.
Сырғытпаны жабыңыз.
- Сору қуатын реттейтін электрондық дөңгелек (тек белгілі түрлерде) төмен дәрежелі күйге
орнатылған болар.
Дөңгелекті жоғарырақ күйге орнатыңыз.
- Саптама, түтік немесе шланг бітеліп қалған болар.
- Тұрып қалған заттарды алып тастау үшін, бітеліп қалған бөлікті ажыратып, керісінше
жалғаңыз (мүмкін болса). Шаңсорғышты қосып, тұрып қалған затты кері бағытта сорып,
шығаруға болады (Cурет 31).
40
Loading ...
Loading ...
Loading ...