Loading ...
Loading ...
Loading ...
- Қатты еденді тазалағанда, құрама саптамадағы педальді аяқпен басыңыз. Щетка қатары
саптамадағы орнынан шығады (Cурет 6).
- Кілемдерді тазалағанда, құрама саптамадағы педальді аяқпен тағы бір рет басса, щетка
қатары қайтадан саптамадағы орнына кіреді (Cурет 7).

Шаңсорғыш мына үш қосалқы құралдың бірімен немесе бірнешеуімен қоса беріледі.
1 Кішкене саптаманы, саңылауларды тазалау саптамасын немесе щеткалы саптаманы
тұтқаға немесе түтікке жалғаңыз (Cурет 8).
1 Кішкене саптаманы орындық немесе диван сияқты кішкене жерді тазалау үшін қолданыңыз.
2 Саңылауларды тазалау саптамасын тар бұрыш пен қол жетпейтін жерлерді тазалау үшін
қолданыңыз.
3 Щеткалы саптаманы компьютер мен кітап сөрелерін тазалау үшін қолданыңыз.


- Шаңсорғышты алдыңғы жағында орналасқан тұтқасынан ұстап тасымалдауға
болады (Cурет 9).
1 Қуат сымын құралдан тартып шығарып, штепсельдік ұшын розеткаға жалғаңыз.
2 Құралдың жоғарғы жағындағы қосу/өшіру түймесін аяқпен басып, құралды қосыңыз.
- Бір сәтке үзіліс жасау қажет болса, түтікті ыңғайлы күйге уақытша қою үшін, саптаманың
шығып тұрған жағын уақытша қою ойығына кіргізіп қойыңыз (Cурет 10).

Сору қуатын реттеу жолдары:
- тұтқадағы сору қуатын реттеу сырғытпасы арқылы (Cурет 11)
- шаңсорғыштағы сору қуатын реттейтін электрондық дөңгелек арқылы (тек белгілі
түрлерде) (Cурет 12)

Құралдың кез келген бөлшегін шешпес немесе тазаламас бұрын құралды өшіріп, розеткадан
ажыратыңыз.
Шаңсорғыштың бөлшектерін ыдыс жуғышта жууға болмайды. Қажет болса, бөлшектерді
дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
1 Құралды дымқыл шүберекпен сүртіңіз.

Шаңсорғыш жақсы жұмыс істеуі үшін, қолданып болған сайын шаң контейнерін босатып, сүзгі
цилиндрін әрдайым тазалап отырыңыз.
1 Шлангты құралдан ажыратыңыз.
2 Қақпақты ашыңыз (Cурет 13).
3 Шаң контейнерін құралдан алыңыз (Cурет 14).
4 Шаң контейнерінің қақпағын ашыңыз (Cурет 15).
5 Сүзгі цилиндрінің қорабын алу үшін, оны сағат тіліне қарсы бұрап, шаң контейнерінен
тартып алыңыз (Cурет 16).
6 Сүзгі цилиндрін шаң контейнерінен шығарыңыз (Cурет 17).
38
Loading ...
Loading ...
Loading ...