Candy CDI 1L38-07 Dishwashers

User Manual - Page 20

For CDI 1L38-07.

PDF File Manual, 32 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
20
1
2
1b
ПАЙДАЛАНҒАННАН КЕЙІН
Әрбір жуғаннан кейін суқұбырдан
ыдысжуғыш машинаға су келуін жабу
үшін кранды жауып керек, машинаны
желіден ажырату үшін, старт/стоп
түймешігін өшіріңіз.
Егер машина ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмайтын болса, төмендегі
операцияларды орындаған жөн:
1. машинаны майсыздандыру үшін
ыдыс-аяқсыз жуғыш құралды
пайдаланып, жуатын бағдарламаны
орындау;
2. ашаны розеткадан суырыңыз;
3. су келетін кранды жабыңыз;
4. жылтыратқыш құралдың дозаторын
толтырыңыз;
5. есікті сәл ашық қалпында
қалдырыңыз;
6. жуғыш камераға ешнәрсе салмаңыз;
7. егер машина олардың жағдайында
температура 0°С градустан төмендейтін
жағдайларда қалдырылатын болса,
ішкі құбыржолдардағы қалдық су
қатып қалуы мүмкін. Сондықтан
температураның 0°С градустан
төмен түспегенін тексеріңіз және
машинаны қосардан бұрын, шамамен
24 сағат күтіңіз.
АҒЫМДАҒЫ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ ЖӘНЕ КҮТІМ
n Ыдысжуғыш машинаның сыртқы беттерін
тазалау үшін еріткіштерді,
майсыздандырғыш және абразивтік
жуғыш құралды пайдалануға болмайды.
Тек жылы суға малынған жұмсақ
шүберекті пайдаланыңыз.
n Ыдысжуғыш машина арнайы күтім
жасауды талап етпейді, өйткені
жуғышк камера өздігінен тазартылатын
болып табылады.
n Дымқыл шүберектің көмегімен есіктің
тығыздағыш резеңке аратөсемінен
тамақтың немесе жылтыратқыш
құралдың қалдығын ұқыптап кетіріп,
жүйелі түрде жуып отырыңыз.
n Шағын әктасты түзілімдерді немесе
кірді тиімді кетіру үшін, алдын
ала жуғыш камераның түбіне бір
стакан сірке құйып, және биязы жуу
бағдарламасын орнатып, мезгіл-мезгіл
толық жуу бағдарламасын орындап
отырған жен.
n Егер сүзгілерді тұрақты тазалап
отырғанға қарамастан, ыдыс-аяқты
жуу немесе шаю жеткілікті сапалы
болмай шықса, бүркігіштердің
барлық жиклерлерінің (А "5" сурет)
кірдің қалдығынан тазартылғанын
тексеріңіз.
Егер олай болмай шықса, онда төмен-
дегідей тәсілмен тазалауды жүргізіңіз:
1. Үстіңгі бүркігішті тілмен белгіленген
орнықтыру қалпына (1 b сурет) дейін
бұрап, оны шешіп алыңыз. Оны
жоғары қарай итеріңіз (1 сурет) және,
басуды жалғастыра беріп, сағат тілінің
бағытында бұрап алыңых(орнына
қайта орнату үшін, бүркігішті сағат
тіліне қарсы қатайтып, операциялар-
ды қайталаңыз). астыңғы бүркігішті
шешу үшін, оны жай ғана жоғары
тарту керек (2 сурет);
2. Бүркігіштерді ағын суға салып жуып,
бітелген жиклерлердің кірін тазартыңыз;
3. Тазалау аяқталған соң, үстіңгі бүркігішті
орнықтыру қалпына келтіруді және
оны ақырына дейін қатайтып бұрауды
ұмытпай, бүркігіштерді орындарына
орнатыңыз.
n Жуғыш камера да, тап солай есіктің
ішкі жағы да тот баспайтын болаттан
жасалған. Егер оларда тотығу туралы
байқататын дақтар пайда болса, оған
себеп тек судағы темір тұздарының
жоғары концентрациясы болмақ.
n Дақтарды кетіру үшін ұсақтүйірлі
абразивтік құралды пайдаланған
жөн, хлорқұрамдас құралдарды,
болат сымнан жасалған жөкелерді
және т.б. пайдалануға болмайды.
Loading ...
Loading ...
Loading ...