Candy CDI 1L38-07 Dishwashers

User Manual - Page 19

For CDI 1L38-07.

PDF File Manual, 32 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
19
ПРАКТИКАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР
Тамаша жуу нәтижелеріне
жетуге арналған ұсыныстамалар
n Ыдыс-аяқты ыдысжуғыш машинаға
салардың алдында, бітелуге
(сүзгілердің, төгетін тесіктің және
бүркігіштердің) жол бермеу үшін,
тамақтың қалдығын (ұсақ сүйектерді,
еттің немесе көкөністің түйірлерін,
кофенің қоймалжыңын, жемістердің
қабығын, сигареттің күлін, тіс
тазалағыштарды және т.б.) кетіру керек.
n Ыдыс-аяқты ыдысжуғыш машинаға
салардың алдында оны шаюдың
қажеті жоқ.
n Егер қазандар мен табалар күйген
тамақтан қатты былғанған болса,
жуардың алдында оларды суға
салып қойған жөн.
n Ыдысты түбін жоғары қаратып
орналастыру керек.
n Мүмкін болса, ыдыс-аяқтың бір біріне
тигеніне жол бермеген дұрыс. Дұрыс
орналастыру жуудың барынша жақсы
нәтижелерін қамтамасыз етеді.
n Ыдыс-аяқты орналастырғаннан
кейін бүркігіштердің еркін айнала
алуын тексеріңіз.
n Жууға қиын немесе күйген тамақтың
қалдығы бар қазанды немесе басқа
ыдысты ыдысжуғыш машиналарға
арналған жуғыш құралдың ерітіндісіне
салып қою керек.
n Асханалық күмісті жуудың тамаша
нәтижелеріне ие болу үшін:
a) оны пайдаланғаннан кейін,
әсіресе, егер ол майонез,
жұмыртқа, балық және т.б. үшін
пайдаланылған болса, бірден
шаю қажет;
в) жууға арналған құралды оның
үстіне тура құймаңыз;
с) оны басқа металлдарға тигізбеуге
тырысыңыз.
Үнемдеу жөнінде пайдалы
кеңестер
n Сіз толық жүктеліммен жууды орын-
дауды қалаған жағдайда, ыдыс-
аяқты машинаға тамақ ішкеннен
кейін бірден бірнеше бөліп, қажет
болса, негізгі жуатын бағдарламаны
орындамастан бұрын әрбір жаңа
партияны жүктеген кезде кірді
жұмсарту және неғұрлым ірі
тамақтың қалдықтарын кетіру үшін
СУҒА САЛУ бағдарламасын
пайдаланып, орналастырыңыз.
n Егер ыдыс-аяқ онша қатты кірлемеген,
ал себеттер толық толтырылмаған
болса, бағдарламалардың тізімінде
берілген нұсқауларды ұстана
отырып, ҮНЕМДІ ЖУУ бағдарламасын
таңдау керек.
Ыдысжұғыш машинада нені
жууға болмайды
n Ыдысжуғыш машинада ыдыс-аяқтың
барлық түрлерін жууға бола бермейтінін
ұмытпаңыз: термопластика ыдысты,
ағаш және пластик сапты
қасық-шанышқыны, ағаш тұтқалы
қазандарды, егер оған қоса тіркелген
нұсқаулықта ондайға рұқсат етілмесе,
алюминий және хрусталь ыдысты
жумау керек.
n Кейде ыдыс-аяқтағы сурет бозаруы
мүмкін, сондықтан машинада бір
затты бірнеше жуған жөн. Өзіңіз
бояулардың орнықты екеніне көз
жеткізгеннен кейін, машинада
ыдыс-аяқтың бүкіл жиынтықталымын
жууға болады.
n Химиялық реакцияның туындауына
жол бермеу үшін, күмістен жасалған
қасық-шанышқыны тотығатын болаттан
жасалған қасық-шаныұшымен бірге
жумаған жөн.
БҰЛ МАҢЫЗДЫ
Жаңа ыдыс-аяқ сатып алатын
кезде, оны ыдысжуғыш машинада
жууға болатынын тексеріңіз.
Бағдарлама аяқталғаннан
кейін орындау керек
болатын ұсыныстамалар
n Үстіңгі себеттен астыңғысына су
тамшыламау үшін, алдымен астыңғы
себетті шығару керек.
n Егер Сіз ыдыс-аяқты біраз уақытқа
машинада қалдырғыңыз келсе, ауа
циркуляциясын және кептірудің
жалғасуын қамтамасыз ету үшін,
есікті сәл ашып қойыңыз.
Loading ...
Loading ...
Loading ...