Candy CDI 1L38-07 Dishwashers

User Manual - Page 16

For CDI 1L38-07.

PDF File Manual, 32 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
16
ЖУҒЫШ ҚҰРАЛДАРДЫҢ
ТҮРЛЕРІ
Таблеткалардағы жуғыш
құралдар
Түрлі өндірушілердің таблеткалардағы
жуғыш құралдары әртүрлі жылдамдықпен
ериді. Осының себебінен кейбір құралдар
қысқа бағдарламаларда онша тиімді
болмауы, өйткені түгелдей еріп үлгермеуі
мүмкін. Сондықтан таблеткаларды
ұзақ бағдарламалар үшін ұсынуға
болады, сонда олардың суда түгелдей
еріп үлгеретініне шүбә жоқ.
БҰЛ МАҢЫЗДЫ
Жуудың нәтижесі қанағаттанарлық
болу үшін, таблеткаларды жуғыш
барабанға ЕМЕС, жуғыш құралдарға
арналған контейнердің жуғыш
бөлімшесіне салу КЕРЕК.
Концентратталған жуғыш
құралдар
Сілті құрамы төмен және табиғи энзимдері
бар концентратталған жуғыш құралдар
50°С бағдарламаларында қоршаған
ортаға жұмсақ әсер етеді, ыдыс-аяқ
пен ыдысжуғыш машина үшін қауіпсіз.
50°С температура кезінде энзимдердің
әсері неғұрлым тиімді, ал жуудың
сапасы 65°С температура кезінде
жуғанмен бірдей.
Ұштастырылған жуғыш
құралдар
Жылтыратқышпен ұштастырылған
жуғыш құралдарды жуғыш құралға
арналған бөлімшеге орналастыру
керек. Жылтыратқышға арналған
бөлімше бұл орайда бос тұруға тиіс
(егер ол бос болмаса, ұштастырылған
құралды пайдаланбастан бұрын,
шаюды реттегішті минималды деңгейге
орнату керек).
"БАРЛЫҒЫ 1-де" ұштасты-
рылған жуғыш құралдар
Егер Сіз құрамына, мысал үшін, тұз
және/немесе жуғыш компоненттер кіре-
тін "БАРЛЫҒЫ 1-де" ("3 – 1"/" 4 - 1"/"5 - 1"
және т.б.) ұштастырылған жуғыш құрал-
дарды пайдалануды жоспарласаңыз,
онда біз:
n
Жуғыш құралды өндірушінің
нұсқаулығын мұқият оқып шығуға;
n
Әрдайым тұз немесе жылтыратқыш
кіретін жуғыш құралдың тиімділігі
басқасымен қатар, пайдаланылатын
судың қатқылдығымен айқындалатынын
ұмытпауға – ақпаратты мұқият оқуға
кеңес береміз: Сіздің суыңыздың
қатқылдығы қапталымда көрсетілген
мәндердің диапазонының шегінен
шықпайтын болуға тиіс.
Егер машинада "БАРЛЫҒЫ 1-де"
құралы пайдаланылатын болса, тұз
бен жылтыратқыштың индикаторлары
(бірқатар модельдерде бар) өздерінің
функционалдық маңызын жоғалтатынын
және олардың индикациясына назар
аудармауға болатынын ұмытпаңыз.
Кейбір жағдайларда "Үшеуі біреуінде"
ұштастырылған құралын пайдалану:
n
ыдыс-аяқтағы және ыдысжуғыш
машинаның бөлшектеріндегі қаққа;
n
ыдыс-аяқты жуу мен кептірудің
сапасының төмендеуіне себеп болуы
мүмкін.
БҰЛ МАҢЫЗДЫ
Аталған құралдарды пайдаланғанның
тікелей салдары ретінде туындайтын
барлық проблемаларға біздің
кепілдік таралмайды.
Егер машинада "Үшеуі біреуінде"
құралы пайдаланылатын болса, тұз
бен жылтыратқыштың индикаторлары
(бірқатар модельдерде бар) өздерінің
функционалдық маңызын жоғалтатынын
және олардың индикациясына назар
аудармауға болатынын ұмытпаңыз.
Егер жуудың және/немесе кептірудің
сапасы Сіздің көңіліңізден шықпаса, біз
дәстүрлі құралдарды (тұзды, жуғыш
құрал мен жылтыратқышты бөлек)
пайдалануға оралуға кеңес береміз.
Бұл орайда су жұмсартқыштың әсері
неғұрлым пәрменді.
Ондай жағдайда, біз:
n тұзға және жылтыратқышқа арналған
бөлімшелерді қайтадан толтыруға;
n машины бір қалыпты жуудың толық
циклына, бірақ ыдыс-аяқсыз қосуға
кеңес береміз.
Бұл қорытындылық шаю фазасында
автоматты түрде үстелетін, ыдыс-аяқтың
жылдам кебуіне жәрдемдесетін және
дақтар мен кіреңкі жұғынжының
түзілуіне жол бермейтін құрал.
Loading ...
Loading ...
Loading ...